09 мамыр 2020 17:51

ҰОС жылдары қаза тапқан қазақстандық жауынгердің денесі елге жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: gov.kz Сурет: gov.kz

Қазақстандағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы толған күні ерекше жаңалықпен басталды. 1942 жылдың қазан айында Смоленск түбіндегі шайқаста қаза тапқан қазақ сарбазының мәйіті əскери бортпен елордалық авиациялық базасына бүгін таңертең жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Әскери қызметшінің мәйіті сәуір айының басында Смоленск облысының Темкин ауданында іздеу-барлау экспедициясын жүргізу кезінде табылды. Қайтыс болған жауынгердің сақтаулы қалған медалі арқылы аты-жөні анықталды. Белгісіз жауынгер Қарағанды облысы Шет ауданы Жастерек ауылының тумасы Медет Аманжолов болып шықты. Соғыс алдында ол әскерге шақырылып, 1941 жылы 24 жасында майданға аттанады. Оның соңғы қызмет орны 125-ші жеке атқыштар бригадасы болды.

Жауынгердің туыстары əлі күнге дейін Шет ауданында тұрады. 1942 жылы отбасы Медет Аманжолов Смоленскті қорғауда ерлікпен қаза болғаны туралы хат алды. Көптеген жылдар бойы ұрпақтары оның жерленген жерін табуға тырысып, 78 жылдан кейін жауынгер Отанына оралды.

Соғыста қаза тапқан жауынгердің отбасы жерлеу орнына барғысы келді, бірақ төтенше жағдайға байланысты бұл мүмкін болмады. Қазақ жауынгерлерінің сүйектерін отанына қайтаруға әскери авиация күштері қол жеткізді. Жақын арада Шет ауданының Ағадыр зиратында жауынгерді әскери құрметпен қайта жерлеу үшін туыстарына беріледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети