ҰОС кезінде хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтың туыстары 80 жылдан кейін шындықты білді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰОС кезінде хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтың туыстары 80 жылдан кейін шындықты білді e-history.kz

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін 80 жылдан астам уақыт өткен соң, Шығыс Қазақстаннан шыққан майдангер Берікбосын Дүйсембиновтің туыстары оның тағдыры туралы шындықты білді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.


Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін 80 жылдан астам уақыт өткен соң, Шығыс Қазақстаннан шыққан майдангер Берікбосын Дүйсембиновтің туыстары оның тағдыры туралы шындықты білді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.

Өскемен қаласының тұрғыны Ұмытай Берікбосынова соғыстың алғашқы күндерінде майданға аттанып, үйіне оралмаған атасы туралы мәліметті көп жыл бойы іздеген.

Үлкен Нарын ауданы Балғын ауылының тумасы 1941 жылдың жазында Қызыл әскер қатарына шақырылған. Сол жылы оның ұлы - Ұмытай апайдың болашақ жұбайы дүниеге келді. Алайда майдангерге өз перзентін көру жазбапты.

Ондаған жылдар бойы отбасы сарбазға не болғанын білмеген. Ресми түрде ол хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде болған. 2010 жылы Ұмытай апай балаларымен бірге іздеу жұмыстарына белсене кірісті. Туыстары түрлі архивтер мен мемлекеттік құрылымдарға сұрау салып, өтініштер жазды, майдангердің тағдырын анықтауға көмектесетін кез келген мәліметті жинаған.

Ұмытай Берікбосынова

Туыстары соғыста қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендерді іздеуге арналған сайттардың бірінен құжат тапқан. Ол құжатқа сәйкес, Берікбосын Дүйсембинов 1945 жылдың сәуірінде - КСРО жеңісіне небәрі бір ай қалғанда Польша аумағында хабар-ошарсыз кеткен.

Содан кейін отбасының іздеу жұмыстарына соғыс жылдары хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтардың тағдырын анықтаумен айналысатын "Атамның Аманаты" қоғамдық бірлестігі көмектесті. Еріктілер мен іздестірушілер архивтермен жұмыс істеуге кірісіп, сарбаздың кескілескен ұрыстар кезінде қаза тапқанын анықтаған.

Зерттеушілердің айтуынша, қатардағы жауынгер Дүйсембиновтің бөлімшесі жаудың жойқын оғының астында қалған - рота түгелге жуық қырылып кеткен. Қаза тапқандардың есімдерін анықтау мүмкін болмады десе де болады. Офицерлерде жетондар болған, ал кейбір жауынгерлер оқ дәрісін төгіп тастаған патрон гильзаларының ішіне қолдан жазылған шағын жазбаларды салып қоятын. Арнайы өлім медальондары болмағандықтан, ішіне қағаз салынып, оғы теріс қаратып тығылған гильза іс жүзінде тану белгісі қызметін атқарған. Бірақ бұл өте сирек кездесетін жағдай еді. Дүйсембинов сияқты мыңдаған сарбаз ұрыстан кейін оларды тану мүмкін болмағандықтан, ондаған жылдар бойы хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде қалды.

Болжам бойынша, әңгіме 1945 жылғы Қызыл әскердің ең ірі шабуыл операцияларының бірі - кеңес әскерлерінің Висла-Одер стратегиялық шабуыл операциясы туралы болып отыр. Жеңісті жақындатқан ең ауыр шайқастар дәл осы жерде өткен. Бұл маңда іздестіру жұмыстары әлі күнге дейін жалғасып жаьтыр.

Берікбосын Дүйсембинов қайтыс болғаннан кейін "Ұлы Отан соғысы майдандарындағы жауынгерлік еңбегі үшін" естелік медалімен марапатталды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 471.06   546.68   6.61 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер