14 қараша 2020 11:08

"Үркер - 2020" ұлттық сыйлығының жеңімпаздары аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр Аида Балаева Шерхан Мұртаза атындағы номинацияның жеңімпазына марапат табыстап жатыр. Фото Facebook / Aida Balayeva Министр Аида Балаева Шерхан Мұртаза атындағы номинацияның жеңімпазына марапат табыстап жатыр. Фото Facebook / Aida Balayeva

Нұр-Сұлтанда баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы "Үркер-2020" ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы "Үркер-2020" ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Салтанатты рәсімнің ашылуында ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналистер қиын кезеңде денсаулығына төнетін қауіпке қарамастан қазақстандықтарға шынайы ақпаратты жеткізіп отырғанын және оны жалғастыра беретінін атап өтті.


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева. АҚДМ баспасөз қызметінің суреті

"Үркер - 2020" сыйлығының жеңімпаздары:

Жылдың үздік фотосуреті:
Сәкен Ділдахмет, тәуелсіз экологиялық шолушы.

Жылдың үздік репортажы:
Нұрсұлтан Мықтыбаев, Kyzylorda-news.kz

Жылдың үздік аналитикалық материалы:
Қайрат Жандыбаев, Strategy2050.kz

Жылдың үздік журналистік зерттеуі:
Михаил Козачков, "Время" газеті.

Жылдың үздік сұхбаты:
Гүлбаршын Сабаева, "Egemen Qazaqstan" газеті.

Жылдың үздік танымдық материалы:
Тимур Ниталиев, Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі.

Радиостанциядағы үздік жоба:
Atyray радиостанциясының "Эфирде 102 FM" бағдарламасы.

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
Tengrinews.kz порталы

Жылдың үздік газеті:
Aq jol газеті

Жылдың үздік журналы:
"Жұлдыз" журналы.

"Үркер" ұлттық сыйлығы аталымдары қатарына биыл - Шерхан Мұртаза атындағы номинация қосылды. Бұл сыйлық - үздік публицистикалық материал авторына беріледі. Оны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, публицист Қайнар Олжай алды.

"Бір өзі қазақ журналистикасының ұстаханасына баланған, талай журналисті қамқорлығына алып, тәрбиелеп, отандық журналистикада өзіндік мектеп қалыптастырған Шерағамыз - ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тау тұлға. Сондықтан Шерхан ағамыздың атындағы марапатқа ие болу - кім-кім үшін де зор мәртебе, биік жетістік деп білемін", - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Барлық финалиске жеңімпаз сертификаты, "Үркер" естелік мүсіншесі және бір миллион теңге ақшалай сый табысталды.

Көрермендер марапаттау рәсімін тікелей эфирде urker-awards.kz ресми сайтынан көре алады.

"Үркер" ұлттық сыйлығы 2017 жылдан бастап, биыл төртінші рет өткізіліп отыр. Өтінімдер 2020 жылдың 2 қазанынан 5 қарашасына дейін қабылданды. Жалпы, қатысушылардан 470 өтінім келіп түсті. Үздік жұмыстар әділқазылар мүшелерімен таңдалды, олардың құрамына беделді қайраткерлер, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және танымал қазақстандық журналистер кірді.

Ұлттық сыйлықты ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. Іс-шараға "Қазақстан" РТРК мен "Хабар" Агенттігі" АҚ демеушілік жасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети