28 қаңтар 2014 09:36

Ұрланған адам болып жалған шағым түсірген қыз сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©wordpress.com ©wordpress.com

Семейде полицияға өзін әлдекімдер ұрлап әкетті деп жалған ақпарат берген қыз сотталды деп хабарлайды Tengrinews.kz Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өткен жылдың жазында 23 жастағы қыз полицияға өзін әлдебір ер адамдар ұрлап кетті деп шағымданған. Оның айтуынша, белгісіз біреулер оны машинамен Полковничий аралына апарып, ұрып-соққан. Әлгі адамдар мұның жалпы құны 16 мың теңге болатын жеке заттарын қашып кеткен-мыс. Содан кейін қыз ата-анасына хабарласып, ойдан шығарған оқиғасын баяндап береді. Ата-анасы оны полицияға арыздануға мәжбүрлейді. "Айыпталушының сыртқы келбетінде зорлық-зомбылық ізі байқалды, шашы, бет-әлпеті ұрып-соққан адамдікіндей болды", - деді куәгерлер сот отырысы кезінде. Тергеу барысында "жәбірленушінің" мұның бәрін ойдан шығарғаны белгілі болды, ол осылайша жігіті мен ата-анасының назарын өзіне аударғысы келген. Сол күні қыз әкесімен жанжалдасып қалған болып шықты. "Қыз өз ойын іске асыру үшін сөмкесінің металл эмблемасын жұлып алып, денесіне жарақат салған. Досынан киімін жыртуды сұрап, кейін өзін таяқпен арқасынан ұрғылаған. Әмияны мен ұялы телефонын ұрлатқан сыңай таныту үшін оларды танысына беріп жібереді", - дейді соттың баспасөз қызметкерлері. "Адам ұрлау" дерегін тергеу барысында қыз бір адамды күдікті ретінде таныған болатын. Оның іс-әрекетінің өтірік екені анықталғаннан кейін ер адам тергеуден босатылды. Сот қызды жалған шағым бергені үшін айыпты деп танып, оған үш жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети