31 қаңтар 2024 10:31

Ұрып-соғу - қылмыстық бап: заң жобасы Мәжіліске өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза өзгереді. Мәжіліс депутаттары әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасын қарауға қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза өзгереді. Мәжіліс депутаттары әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасын қарауға қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, мәжілісмендердің бастамасымен әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобасы әзірленген.

"Заң жобасы Мемлекет басшысының тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту туралы тапсырмасына сәйкес келеді", - деді Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.

Құжат келесі негізгі нормаларды қамтиды:

  • ұрып-соғып, денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін жаза қатаңдайды (әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке ауыстырылады);
  • тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, жәбірленуші тараптың мәлімдемесін күтпей-ақ сотқа талап қоюға болады;
  • соттарға тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессив мінез-құлқын өзгерту үшін психологиялық көмек тағайындауға рұқсат етіледі;
  • педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынылады;
  • өзін-өзі өлтіруге үгіттеу немесе өзін-өзі өлтіруге жеткізу үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу;
  • балаларға арналған интернаттық және жабық мекемелерді алдын ала ескертусіз кез келген уақытта тексеру ұсынылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети