05 ақпан 2014 19:15

Үш мемлекетте Қазақстанның Елшілігі ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақорда. 
©Нұрғиса Елеубеков Ақорда. ©Нұрғиса Елеубеков

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның үш Елшілігін ашу туралы жарлықтарға қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. "Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасымен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында қаулы етемін: Аддис-Абеба қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын", - делінген жарлық мазмұнында. Сонымен бірге, Қазақстан мен Мексика Құрама Штаттарымен арадағы дипломатиялық байланыстарды нығайту мақсатында Мехико қаласында Елшілік ашу туралы жарлыққа қол қойылды. Еліміздің Елшілігі Кувейтте де ашылатын болды. "Кувейт Мемлекетімен дипломатиялық қатынасын нығайту мақсатында қаулы етемін: Эль-Кувейт қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети