1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Ұшаққа 20 миллиард теңге: үкімет атышулы жазбаға жауап берді 17 наурыз 2021, 13:20

Премьер-министрдің баспасөз қызметі үкімет мүшері "ұшаққа миллиардтаған ақша жұмсайды" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Ербол Мәндібек. Фото:facebook.com/mandibek Ербол Мәндібек. Фото:facebook.com/mandibek

Премьер-министрдің баспасөз қызметі үкімет мүшері "ұшаққа миллиардтаған ақша жұмсайды" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстандық мемлекеттік БАҚ-тардың бұрынғы журналисі әлеуметтік желілерде таратқан үкімет мүшелерінің ұшу шарттары мен оларды тасымалдау қызметінің құны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Журналистің мәліметінше, жыл сайын премьер-министр мен оның орынбасарларының, сондай-ақ Сенат пен Парламент Мәжілісі төрағаларының әуе рейстеріне республикалық бюджеттен 15-20 миллиард теңге мөлшерінде қаражат қарастырылады.

Іс жүзінде, 2021 жылға премьер-министр мен орынбасарлары бастаған қазақстандық делегациялардың ерекше маңызды сапарларына (жедел рейстерге) 578 миллион теңге көлемінде шығын қарастырылған", - деді баспасөз қызметіндегілер. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл сома 2021 жыл бойына тасымалдау қызметіне есептелген. Бірақ қазақстандық делегациялардың өңірлік және халықаралық рейстері бойынша төлем жасалады.

"Мысалы, 2020 жылы жоспарланған 578 миллион теңгенің 275,6 миллион теңгесі рейстерге төленді. Премьер-министр мен орынбасарларының бекітілген жеке ұшақтары жоқ", - деді ведомство қызметкерлері.

Бұл сапарлар елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешу үшін өңірлер бойынша, сондай-ақ Мемлекет басшысының шет елдермен экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін таяу және алыс мемлекеттерге тек қызметтік мақсаттарда жүзеге асырылатыны айтылды.

"Жолаушыларды кестесіз (ішкі және халықаралық) тасымалдау бойынша әуе көлігі қызметтерін "Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясы көрсетеді. Министрлер бастаған қазақстандық делегациялар коммерциялық авиакомпаниялардың рейстік жолаушылар ұшақтарымен ұшады.

Экс-журналист рейс қызметіне қызыл және қара уылдырық, арақ пен виски, экзотикалық жемістер кіретінін мәлімдеді, бұл да шындыққа жанаспайды", - деді премьер-министр баспасөз қызметінің өкілдері.

Жауапта ұшу ұзақтығы 1 сағатқа дейін болса, жолаушыларға алкогольсіз салқын сусындар мен жеңіл тағамдар, ұзақтығы 1-3 сағат болған кезде ыстық тамақ мен ыстық сусындар (шай, кофе) берілетіні айтылған. Борттық тамақтандыру қолданыстағы заңнамаға - "Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңға, жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларына және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес ұсынылады.

"Осылайша, қазақстандық мемлекеттік БАҚ-тың бұрынғы журналисі таратқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Өкінішке қарай, бұл деректерді бұрмалаудың және қоғамда шу шығару ұмтылу үшін жалған ақпарат таратудың тағы бір жағдайы", - деп атап өтті Үкімет өкілдері.

Таяуда қазақстандық журналист Ерлан Мәйдібек Facebook желісіндегі парақшасында Үкімет мүшелерінің ұшаққа бюджеттен қанша қаражат жұмсайтынын есептеген болатын. Оның мәліметінше, үкімет мүшелері мен парламент жетекшілері қаладан қалаға ұшу үшін 20 миллиард теңгеге дейін жұмсайды.  

 

Сондай-ақ, ол премьер-министрдің ұшағына бөгде адамдар отыруына рұқсат берілмейтінін, өңірлерге жұмыс сапары кезінде вице-премьерлерге бөлек бизнес-ұшақ қарастырылатынын жазған. 

Оның мәліметінше, суреттегі ұшақ 2015 жылы шығарылған, құны - 140 миллион доллар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!