06 мамыр 2016 09:42

Ұшақты алдыңғы шассисіз қондырған Bek Air командиріне "Халық қаһарманы" атағы беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұшақты алдыңғы шассисіз қондырған пилот Дмитрий Родин мен жарылыс кезінде сарбазды денесімен жауып қорғаған Қайрат Үмбетовті мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын: Родин Дмитрий Олегович -
"Fokker-100" әуе кемесінің командирі, Алматы қаласы; Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлы - Ұлттық ұлан "Орталық" өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы - 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары", - делінген жарлықта.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети