05 шілде 2023 14:36

Үшінші қабаттан секіріп кеткен қыздың оқиғасына қатысты тергеу басталды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/nemolchikz_official Фото:instagram.com/nemolchikz_official

НеМолчи.kz қоры Алматыда 20 жастағы бойжеткенді 7 қыз бопсалаған, олардан қашу үшін ол үшінші қабаттың терезесінен секіріп, ауруханаға түскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


НеМолчи.kz қоры Алматыда 20 жастағы бойжеткенді 7 қыз бопсалаған, олардан қашу үшін ол үшінші қабаттың терезесінен секіріп, ауруханаға түскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

НеМолчи.kz қоры Ұзынағаш ауылының 20 жастағы тумасы аяқ-қолы мен омыртқасының сынуына байланысты ауыр жарақаттармен ауруханада жатқанын хабарлады. Қордың мәліметінше, 16 мамырда 7 қыз 20 жастағы қызды пәтерге кіргізіп, ұрып-соғып, 100 000 теңге бопсалап, тауып бермейтін болса сексуалдық құлдыққа сататынын айтып қорқытқан. Қорлау мен зорлаудан құтылу үшін қыз үшінші қабаттағы терезеден секіріп, жарақат алған. Қор жәбірленушіге қажетті медициналық көмек көрсетуді, сондай-ақ кінәлілерді жауапкершілікке тартуды сұрайды.

Алматы полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, Алмалы аудандық полиция бөлімінде тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта іс жүргізу аясында жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарын қатаң сақтай отырып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деді полиция қызметкері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети