23 қыркүйек 2019 17:47

Үштөбеде қыз баланы пойыз қағып кетті: Ата-анасы куәгерлерді іздейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында пойыз 27 жастағы қыз баланы қағып кетті. Қыздың ата-анасы осы оқиғаның куәгерлерін байланысқа шығуын сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы облысында пойыз 27 жастағы қыз баланы қағып кетті. Қыздың ата-анасы осы оқиғаның куәгерлерін байланысқа шығуын сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 9 қыркүйекте Талдықорғаннан 50 шақырым жерде Үштөбеде болған. Оксана Мищенко үйінен шығып, оралмаған. 

"Мен қызымнан айырылдым, ол 27-де еді. Кешке дейін жанымда болды, көңіл-күйі де жақсы болатын, жанжалдасқан жоқпыз. Шамамен 21:00-де шай іштік. Шайын ішпестен, қызым үйден шығарда "Суи берсін, келген соң ішемін" деді. Ол қайтып оралмады. Келесі күні таңда қызымның телефонына полиция қызметкері жауап беріп, келуімізді өтінді. Онда қызымызды пойыз қағып кеткенін айтты", - дейді қаза тапқан қыздың анасы. 

Ол қандай да бір мәлімет білген адамдардан мына нөмірге хабарласуды сұрайды: + 7 747 296 38 80.

Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 1-бөлігі (Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет) бойынша іс қозғалды. 

"Тергеу жүріп жатыр. Қандайда бір мәлімет ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды", - делінген ведомство хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети