Үтік пен шанышқыны қыздырып басқан: Шымкентте балаларына қатыгездік көрсеткен ана жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үтік пен шанышқыны қыздырып басқан: Шымкентте балаларына қатыгездік көрсеткен ана жазаланды Бейне кадрлары

Шымкентте балаларға қатыгездік көрсеткен ана сотталды. Үкімнің мән-жайын қалалық соттың баспасөз қызметі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Шымкентте балаларға қатыгездік көрсеткен ана сотталды. Үкімнің мән-жайын қалалық соттың баспасөз қызметі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сот не анықтады?

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қазақстан азаматы Э.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған аса қатыгездік, қорлаумен жасалған зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы тән зардабын немесе психикалық зардап шектіру айыбы тағылды.

Сот Э. 2017 жылы туған ұлының темекі шегіп тұрғанын көріп, оны соққыға жыққанын, содан кейін шанышқыны қыздырып, баланың аузын күйдіргенін анықтады.

"Келесі күні ұлы кешірім сұрағанына қарамастан, оны тағы да соққыға жығып, дене жарақатын салған. Тағы екі күн өткен соң Э. ұлы мен қызын (2015 жылғы) 10 мың теңге ұрлады деп айыптап, қызған үтікпен ұлының бетін, ал қызының ішін күйдірген. Содан кейін балалардың шашын тақырлап алып тастап, оларға психикалық зардап шектірген", - деп хабарлады соттан.

Іс материалдарына сәйкес, бұдан әрі Э. балаларды өзенге апарып, мұздай суға секіруге мәжбүрлеген және оларды тұншықтырған.

Сот шешімі

Сотта Э.-нің кінәсі сотталушының өзі мен кәмелетке толмаған жәбірленушілердің айғақтары, оқиға орнын қарау хаттамалары, сараптама қорытындылары және басқа да дәлелдемелермен расталғаны нақтыланды.

Прокурор Э.-ге 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілердің өкілі сотталушыға кешірім бергенін айтты. Ал Э. кінәсін мойындап, ісіне өкінетінін жеткізді және соттан бас бостандығынан айырмауды өтінді.

Сот кінәні мойындау мен шын ниетпен өкінуді жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды, ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ. Сондай-ақ сотталушының қазіргі уақытта ата-ана құқығының шектелгені ескерілді.

Сот Э.-ні Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі, 1, 2-тармақтары бойынша кінәлі деп танып, Қылмыстық кодекстің 55-бабы 8-бөлігіне сәйкес 5 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, қаңтарда әлеуметтік желілерде денелері көгеріп, күйік шалған балалардың видеосы тараған болатын.

Балаларға үйде қалай қарайтыны туралы шындық 9 және 11 жастағы екеуі мектепке бармай қойғаннан кейін ашылды. Отбасына педагогтер барып, балалардың жантүршігерлік күйін көрген соң, полицияға хабарласқан.

Сол кезде 29 жастағы әйел ұсталған болатын. Кейін сот әйелдің ата-ана құқығын шектеді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 472.09   548.38   6.61 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер