08 сәуір 2021 10:18

"Үйді 15 минутта су басты". Нұр-Сұлтан маңындағы ауылдан тұрғындар эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Нұр-Сұлтан маңындағы Қоянды ауылында ондаған үй су астында қалды. Түнде үйлерді су басып, адамдарды эвакуациялауға тура келген, - деп хабарлайды "Astana.tv".


Нұр-Сұлтан маңындағы Қоянды ауылында ондаған үй су астында қалды. Түнде үйлерді су басып, адамдарды эвакуациялауға тура келген, - деп хабарлайды "Astana.tv".

Ауыл тұрғыны Динара Зайнулдинова бірнеше минут ішінде жиһаз бен тұрмыс техникасы суда қалғанын айтады.

"Түнгі сағат бір кезінде үйге су кіре бастады. Ас үйде отырғанбыз. Еден көтеріліп, су көрінді. 15 минут ішінде бүкіл үйді су басып кетті", - деді Динара Зайнулдинова.

Қоянды ауылында тағы бірнеше үй су астында қалған. Су басқан үйлерден адамдарды эвакуациялауға тура келген.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысында да су басу қаупі бар. Мамандардың айтуынша, мұнда бір жарым мың адам тұратын 400 үйді су басу қаупі бар. Төтенше жағдай кезінде эвакуацияланған адамдарды жеткізетін орын дайын екені айтылады. Еріген қар суы Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарына да қауіп төндіріп тұр. Бұл ретте шенеуніктер ауқымды су басу қаупі жоқ екеніне сендірді.

"Қазгидромет" мәліметіне сүйенсек, биыл 2015, 2017 жылдары болғандай ауқымды су тасқыны күтілмейді. Ауа райының күрт өзгеруі және қатты жауын-шашын болған жағдайда Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы, Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын жергілікті су басу қаупі бар", - деді экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов ОКҚ брифингінде.

Айта кетейік, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов қатты жауын-шашын болған жағдайда су басуы мүмкін бірқатар өңірлерді атаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети