"Үйден газ баллонын алып шықтым" - Алматылықтар өртті сөндіруге қалай көмектескендерін айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Леонид Рассказов © Леонид Рассказов

Алматыда жер үйлердің бірінен өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жер үйлердің бірінен өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт Алмалы ауданында Маршак көшесі, №97 үйде болған. Өрт жайлы хабар сағат 14.00-де түскен. Сағат 14.35-те өрт сөндірілді.


© Леонид Рассказов

Жергілікті тұрғынның айтуынша, өрт оның үйіне дейін жеткен.

"Екінші қабат толықтай өртеніп кетті. Қорқып кеттік, бірден далаға қарай жүгірдік. Газ баллоны жарылып кете ме деп қорықтық", - дейді әйел.

Ер адам жарылыстың алдын алу үшін үйінен газ баллонын алып шыққан.

"Тұрғындар байбалам сала бастады, барлығы "газ баллоны жарылып кетуі мүмкін" деп айғайлап жүрді. Содан мен үйге қарай жүгіріп, газ баллонын алып шықтым", - дейді ер адам.


© Леонид Рассказов

Тағы бір тұрғынның айтуынша, ауладағы үш үй бірдей өртеніп кеткен.

"Ауламызда үш үй бар. Өрт кезінде төрт балам мен бір немерем үйде болды. Ешкім зардап шеккен жоқ, үйден шығып үлгердік. Өртті өзім сөндірмекші болдым, бірақ полицейлер бізді шығарып жерді. Газ баллонының жарылып кету қаупі бар екенін айтты", - дейді тұрғын.


© Леонид Рассказов

Қазіргі уақытта өрт болған жер қоршауға алынды. Онда өртке қарсы қызметтегілер мен полицейлер жұмыс істеп жатыр.


© Tengrinews.kz

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.51  course up  572.36  course up  6.34  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer