Қарағанды облыстық ІІД мамандары биыл қаңтарда жоғалып кеткен қарағандылық Айбек Мұстақаевтан зорлап өлтіру белгілерінің табылғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Із-түссіз жоғалып кеткен, зорлық-зомбылықпен өлтірілген Абай ауданы тұрғынының мүрдесін табу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-тармағы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", - деді полицейлер.
Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, түрлі болжамдар қарастырылып, тексеріліп жатыр. Қарағанды облыстық ІІД басшылығымен аса ауыр қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Айбек Мұстақаевтың өлі күйінде табылғаны хабарланған болатын. Мұстақаевтың туыстарының айтуынша, өлім бассүйектің сынуынан, миға қан кетуден келген. Оның денесін әкесі таныған.