26 наурыз 2016 10:40

Үйлену тойының алдында жоғалып кеткен қарағандылық жігіт өлі күйінде табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретті марқұмның туыстары жолдады Суретті марқұмның туыстары жолдады

Үйлену тойының алдында жоғалып кеткен қарағандылық Айбек Мұстақаев өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үйлену тойының алдында жоғалып кеткен қарағандылық Айбек Мұстақаев өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның денесінің 24 наурызда Абай қаласында (Қарағанды облысы) 2 ықшамаудандағы су тазарту құрылғысының маңынан табылғаны айтылады. Мұстақаевтың туыстарының айтуынша, өлім бассүйектің сынуынан, миға қан кетуден келген. Оның денесін әкесі таныған. 

"Айбектің денесі қала сыртында табылды. Денеде зорлық белгілері бар. Болжам бойынша, ол жақта марқұм бір күн жатпаған және егер оны уақытында тапқанда кісі өлтірушінің де ізіне түсуге болар еді. (...) Оны кездейсоқ тапқан. Бүгін жерлеу рәсімі. Біз қылмыскерлердің табылып, жазалануынан қалаймыз", - деді марқұмның әпкесі Гүлзат Қаппасова. Ал ІІД өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікірді кейінірек беруге уәде берді. 

Айбек Мұстақев Қарағанды қаласында 3 қаңтарда қалыңдығына бара жатқан жолда жоғалып кеткен болатын. Туыстарының айтуынша, соңғы рет оны Михайловкада, "Стекляшка" аялдамасының маңында көргендер бар болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети