Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Ұзынағаштағы атыс: Оқиға куәгерлері мән-жайды айтты 09 тамыз 2022, 08:27

Алматы облысының полицейлері Ұзынағаштағы атысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Алматы облысының полицейлері Ұзынағаштағы атысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, кісі өліміне дейін тараптар арасында ұзаққа созылған араздық болған.

"Төбелеске қатысушы қос тарап мектеп қабырғасынан бастап араз болып, бүгінгі күнге дейін бір-бірін жаратпай келген. Соңғы жанжал кезінде күдікті атыс қаруын қолданған. Салдарынан біреуі қайтыс болып, қалған екеуі жарақат алды", - делінген хабарламада. 

ҚР ІІМ Ұзынағаштағы жас жігіттің өліміне қатысты тергеу ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді. Қазір өңір полицейлері күдіктілерді іздестіру бойынша арнайы іс-шаралар өткізіп жатыр.

Еске салайық, 4 тамызда сағат 16:20 шамасында үш жергілікті тұрғын оқ жарақатымен Ұзынағаш ауылының ауруханасына келіп түсті, олардың біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram