Инфекцияға қарсы вакцина салдырған 16 қазақстандық коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ресми сауалға берген жауабында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Инфекцияға қарсы вакцина салдырған 16 қазақстандық коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ресми сауалға берген жауабында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазіргі уақытта вакцинациядан кейін (бірінші және екінші кезең) коронавирус инфекциясын жұқтырған 16 жағдай тіркелді. Вакцинациядан кейін коронавирус жұқтырудың ең ұзақ мерзімі екінші компонентін салдырғаннан кейінгі төртінші аптада тіркелген", - деді ведомство өкілі.
Ведомство коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациядан кейінгі иммунитет вакцинаның екінші компонентін алған сәттен бастап алты аптадан кейін қалыптасатынын айтты.
Бұған дейін Алматыда вакцина салдырған дәрігер коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді. Алайда ол жұқтыру қаупі туралы білгенін және әлі де вакцина салдыруды ұсынатынын айтқан.
Медицина докторы, биолог және Medsupportkz басшысы Ботагөз Каукенованың айтуынша, адам вакцинациядан кейін, вакцинация салынған күні де коронавирус жұқтырып алуы мүмкін.
"Вакцинада антиденелер жоқ. Оларды вакцинаға жауап ретінде сіздің ағзаңыз жасайды. Антиденелер жасау үшін денеге уақыт қажет. Бұл әдетте 2-3 аптаға созылады. "Спутник V" бірінші дозасынан кейін 3 аптадан кейін екінші дозаны салдыру керек. Одан кейін 2-3 аптадан соң денеде антиденелердің жақсы деңгейі пайда болады", - деп түсіндірді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!