Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті коронавирусқа қарсы вакцина салдырған соң екінші күні қайтыс болған алматылық медқызметкердің өліміне қатысты мән-жайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті коронавирусқа қарсы вакцина салдырған соң екінші күні қайтыс болған алматылық медқызметкердің өліміне қатысты мән-жайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қоғамдық денсаулық басқармасымен бірлесіп эпидемиологиялық тергеу жүргізді.
"Тергеу барысында пациент Ресейде әзірленген және Қарағандыда өндірілген "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін салдырғаны анықталды. Әйелде жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы ауруы болған, ол тіркелген жері бойынша диспансерлік есепте тұрған", - деп хабарлады комитет өкілдері ресми сауалға жауапта.
Өлім себебін анықтау үшін Алматы және Алматы облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменттері пациент жүрген медициналық ұйымдарды жоспардан тыс тексеріп шықты. Вакцинаның осы партиясын салдырған басқа пациенттердің жағдайы нашарламағаны белгілі болды.
Сондай-ақ, сауалға жауапта COVID-19-ға қарсы вакцинациядан кейін ел бойынша өлім-жітім тіркелмегені хабарланды.
Еске салайық, Алматыда дәрігер вакцинациядан екі күн өткен соң үйінде құлап, қайтыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебі жүректің ишемиялық ауруы. Қазір сот-медициналық сараптама жүріп жатыр.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде 42 жастағы Бақытжан Нұртазин қайтыс болғаны туралы да ақпарат тараған еді. Хабарлама авторлары өлімнің себебі вакцинация дейді. Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ер адам неден қайтыс болғанын анықтауға уәде берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!