07 маусым 2021 17:07

"Вакцинадан кейінгі" асқынулар мен өлім жағдайларына түсінік берілді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев "вакцинадан кейінгі" асқынулар мен өлім жағдайларына түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев "вакцинадан кейінгі" асқынулар мен өлім жағдайларына түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚДС басшысы бүгінгі таңда Алматыда вакцина салдырғаннан кейін 73 адамның жағдайы асқынғанын хабарлады.

"Оның ішінде екі компонентті алғаннан кейін төрт адам ауруханаға түсті. Қазір комиссия тергеу жүргізіп жатыр.

Балалар приматологиясы және кардиохирургия орталығының акушеріне келетін болсақ, комиссия аяқталды десе болады. Оның жағдайының вакцинаға тікелей байланысы жоқ. Комиссия мұны истероидтық реакция ретінде бағалады. Біз толық қорытындыны күтіп отырмыз, әзірге ол ата-анасының үйінде бақылауда", - деді Нариман Табынбаев.

Ол өлім жағдайларына қатысты да пікір білдірді. 

"Бәріне белгілі екі жағдай туралы. Бұл вакцина салдырғаннан кейін екінші күні қайтыс болған №4 перзентхананың қызметкері. Комиссия ол жедел жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды деген қорытындыға келді. 

Екінші жағдай бойынша медициналық сараптама нәтижесін 4 маусымда алуымыз керек еді, бірақ әлі берілмеді", - деді ол.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде аяқ-қолы вакцинадан кейін тырысып қалды делінген видео тараған еді. Сол кезде Табынбаев бұл оқиғаның расымен болғанын, алайда вакцинаға қатысының әлі белгісіз екенін мәлімдеген.

Оның алдында Алматыда дәрігер вакцинациядан екі күн өткен соң үйінде құлап, қайтыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, өлімнің себебі жүректің ишемиялық ауруы болған. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 42 жастағы Бақытжан Нұртазиннің қаза болғаны туралы ақпарат тараған еді. Хабарлама авторларының айтуынша, өлімнің себебі - вакцина. Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ер адамның не себепті қайтыс болғанын анықтауға уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети