1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Вакциналар Паркинсон және Альцгеймер ауруларын тудырады". Желіде жалған ақпарат тарап жатыр 22 сәуір 2021, 16:27

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы қазақстандықтар арасында коронавирусқа қарсы вакциналар Паркинсон, Альцгеймер және Лу Гериг ауруын
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы қазақстандықтар арасында коронавирусқа қарсы вакциналар Паркинсон, Альцгеймер және Лу Гериг ауруын дамытуы мүмкін деген хабарлама тарап жатыр. Мұндай салдарды вакцина құрамындағы алюминий тудыруы мүмкін екені айтылған, - деп хабарлайды Stop Fake.

Портал мәліметі бойынша, алюминий адъюванты кейбір вакциналарда қолданылады. Бірақ вакцина құрамындағы алюминий мөлшері рұқсат етілген нормалардан аспайды және адам денсаулығына әсер етпейді.

Мәлімет бойынша, бұл препарат құрамындағы әлсіреген патогеннің аз мөлшеріне күшті иммундық реакция тудыру үшін қажет. Мұндай адъюванттар 1930 жылдары қолданыла бастаған. Сол кезден бері Паркинсон, Альцгеймер және Лу Гериг аурулары түріндегі жанама әсерлер тіркелмеген.

Портал мәліметіне сүйенсек, АҚШ-тың тамақ өнімдері және дәрі-дәрмек сапасын санитариялық қадағалау басқармасының қаулысына сәйкес, алюминийдің тәуліктік нормасы 25 микрограммнан аспауы тиіс. Алайда бұл норма тек парентеральды тамақтану жүйесіне (қоректік заттарды тікелей қанға енгізу) және сәбилерге берілетін жасанды сүт ұнтағына қатысты айтылған. Вакцинамен алюминийдің мұндай дозасын алу және оны тері астына енгізу мүмкін емес.

Күнделікті өмірде адамдар 25 микрограммнан артық алюминий тұтынады. Бұл металл қара бидай мен бидай ұны, картоп, қырыққабат, баялды, қызылша, бұршақ, күріш, киви және т.б. кеңінен қолданылатын өнімдерде кездеседі.

Айта кетейік, Паркинсон, Альцгеймер және Лу Геринг аурулары егде жастағы адамдар арасында өте жиі кездеседі. Оның үстіне, Паркинсон мен Альцгеймер аурулары алюминий қосылған вакциналар мен адъюванттар ойлап табылғанға дейін анықталған және толық сипатталған.

Лу Гериг ауруына қатысты нақты себептері әлі белгісіз. Кейбір жағдайларда ол тұқым қуалайтын гендік мутация нәтижесінде туындайды, бұл оның вакцина алу салдарынан болуы мүмкін еместігін көрсетеді.

Бұған дейін қазақстандықтар Цойдың "Спутник V" вакцинасы зерттелмегені туралы "мәлімдемесін" желіде таратқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!