12 қаңтар 2021 16:28

Вакцинация арқылы қазақстандықтарды чиптейді. Желіде тағы бір фейк хабарлама тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері коронавирус туралы тағы бір фейк хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері коронавирус туралы тағы бір фейк хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде 

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарламадағы мәлімет шындыққа жанаспайтынын айтты.

"Қазақстан Республикасында кез келген вакцинация оны салушының келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстанда вакцинация міндетті емес. ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 77-бабына сәйкес, Қазақстанның әрбір азаматы кез келген медициналық манипуляциядан, оның ішінде вакцинациядан бас тартуға құқылы. Қазақстан Республикасында бірде-бір вакцинация халықты чиптеуді білдірмейді.

Вакцина салудың алдында әр адам вакцинаның құрамы туралы мәлімет берілген нұсқаулықпен танысуға құқылы", - деді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Ведомство өкілі қазіргі уақытта коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялауды жүргізуге дайындық бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. КВИ-ға қарсы вакцинаны барлық басқа вакцина сияқты қолдануға клиникалық зерттеулердің фазалары аяқталғаннан және Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана рұқсат етіледі.

"Қазақстан азаматтарынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде күмәнді хабарламаларға сенбеуін сұраймыз. Шынайы ақпарат алу үшін ресми дереккөздерге: комитеттің ресми интернет-ресурсына, коронавирус таратпау жөніндегі ВАК" телеграмм-арнасына және Facebook, Instagram және YouTube әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарға жүгінуді немесе комитеттің мекенжайына жазбаша сұрақ жолауды сұраймыз", - деді ведомстводағылар.

Комитет өкілдері ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес, көрінеу жалған ақпарат тарату 1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не 1 жылға дейінгі мерзімге шектеуге немесе одан айыруға жазаланатынын еске салады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети