Валюта айырбастау орындары долларды 393 теңгеден сатып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Валюта айырбастау орындары долларды 393 теңгеден сатып жатыр

Еліміздегі валюта айырбастау орындары долларды 393 теңгеден сатып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздегі валюта айырбастау орындары долларды 393 теңгеден сатып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

21 қаңтар күнгі кешкі уақытта Алматы мен Астананың айырбас пункттері долларды 392-393 теңгеге сатып жатты.

Ал сол күні күндіз ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев доллар бағамы жақын арада айтарлықтай өзгермейтінін айтқан еді. 

"Қазақстанның төлем балансы бойынша теріс сценарийлердің көп бөлігі іске асырылды. Мұнай бағасы 2 жыл ішінде 110 доллардан 28 долларға дейін құлдырады. Яғни, біз мұнайдың әрбір баррелінен 82 доллар жоғалтып отырмыз, бұл экспорттың 2 есе құлдырауына және одан түсетін валюталық түсімнің үш есе қысқартылуына әкеп соқтырды. Мұнай бағасы бір баррель үшін 30 АҚШ долларынан 20 АҚШ долларына дейін төмендеген кезде біздің шығынымыз бір баррельден небәрі 10 АҚШ долларын ғана құрайды, бұл валюта нарығындағы теңгерімге әсер ететіндей валюта түсімінің түбегейлі қысқаруына әкеп соқпайды", - деді Ақышев.

Сонымен қатар, ол Қазақстан шетел валютасымен жасалатын операцияларға шектеу қоймайтынын айтты. "Біз шетел валютасымен жасалатын операцияларға шектеу қоюды қарастырмаймыз. Бұл ешқандай заңда негізделмеген", - деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы.

Айта кетейік, KASE қор биржасындағы күндізгі сессиясында доллар бағамы 384,48 теңгеге тең болған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети