21 қаңтар 2016 16:50

Доллар бағамы енді айтарлықтай өзгермейді - ҚР Ұлттық банкі төрағасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев доллар бағамы жақын арада айтарлықтай өзгермейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев доллар бағамы жақын арада айтарлықтай өзгермейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанның төлем балансы бойынша теріс сценарийлердің көп бөлігі іске асырылды. Мұнай бағасы 2 жыл ішінде 110 доллардан 28 долларға дейін құлдырады. Яғни, біз мұнайдың әрбір баррелінен 82 доллар жоғалтып отырмыз, бұл экспорттың 2 есе құлдырауына және одан түсетін валюталық түсімнің үш есе қысқартылуына әкеп соқтырды. Мұнай бағасы бір баррель үшін 30 АҚШ долларынан 20 АҚШ долларына дейін төмендеген кезде біздің шығынымыз бір баррельден небәрі 10 АҚШ долларын ғана құрайды, бұл валюта нарығындағы теңгерімге әсер ететіндей валюта түсімінің түбегейлі қысқаруына әкеп соқпайды", - деді Ақышев.

Сонымен қатар, ол Қазақстан шетел валютасымен жасалатын операцияларға шектеу қоймайтынын айтты. "Біз шетел валютасымен жасалатын операцияларға шектеу қоюды қарастырмаймыз. Бұл ешқандай заңда негізделмеген", - деді ҚР Ұлттық банк төрағасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети