19 маусым 2021 09:55

Ведомстволар БЖЗҚ-ға қосымша 5 пайыздық жарна енгізуді қайта ұсынды - экономист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Экономист Олжас Құдайбергенов еліміздің мемлекеттік органдары жұмыс берушілер есебінен қосымша 5 пайыздық зейнетақы жарналарын енгізу жоспарына қайта оралғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Экономист Олжас Құдайбергенов еліміздің мемлекеттік органдары жұмыс берушілер есебінен қосымша 5 пайыздық зейнетақы жарналарын енгізу жоспарына қайта оралғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2019 жылдың тамыз-қыркүйек айларында салық жүктемесі онсыз да жоғары (шамамен 35 пайыз) ЕТҚ-ға қосымша 5-пайыздық зейнетақы жарнасын енгізуге қатысты жұртшылық пен бизнес қатты наразылық білдірген. Бұл норма қазірдің өзінде заңда бар, бірақ Президент оны 3 жылға, 2023 жылға дейін кейінге қалдырды және зейнетақы жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобын құруды, осы 5 пайыздық жарнаны енгізбеу үшін оған балама табуды тапсырды. Енді не істеді деп ойлайсыз? Еңбек министрлігі, Ұлттық банк, БЖЗҚ және басқалар ойланып-ойланып, Президентке осы 5 пайызды енгізуді қайта ұсынды", - деп жазды Құдайбергенов Facebook-те.

Оның айтуынша, норма тұжырымдамасы қазір мемлекеттік органдар мен ҰКП-да келісуден өтіп жатыр.

"Мұны ұсынатындардың логикасы таңғалдырады. Олар баламасы бар болса да таба алмады, олар бизнестегі жағдай пандемияға дейінгі кезден нашар екенін түсінбейді, саяси жағдайларды түсінбейді, олар Президентке екі жыл бұрын бас тартқан нәрсені жасауды ұсынып отыр, бұл оның тапсырмаларына немқұрайдылықты анық көрсетеді", - деді экономист.

Еске салайық, 2019 жылдың шілдесінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрбір жұмыс беруші міндетті 10 пайыздық жарнадан бөлек, жұмыскердің жалақысының қосымша бес пайызын БЖЗҚ-ға аударуға міндетті екенін хабарлаған болатын. Тиісті заң 2015 жылы қабылданды. Жүйені 2018 жылы енгізу жоспарланған болатын, бірақ бейінді ведомство жаңа енгізілімді келесі жылға шегерді.

Кейін бұл жарналар азаматтардың меншігі болмайтыны және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған әрбір қызметкердің шартты зейнетақы шотында тіркелетіні белгілі болды. Сонымен қатар, қосымша 5 пайыздық жарналар мұраға берілмейді.

Бұл жаңалықты халық сынға алды. Адамдар жұмыс берушілер қызметкерлердің жалақысына онсыз да аударылатын 5 пайызды салады деп қорықты. Кәсіпкерлер де өз бюджетіне қосымша ауыртпалық түсіруге қарсы болды.

2019 жылдың қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 пайыздық зейнетақы төлемін енгізуді 2023 жылға дейін кейінге қалдырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети