Вьетнам Қазақстанға шетелдікті берді: ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вьетнам Қазақстанға шетелдікті берді: ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін Бейнебаяннан алынған кадр

Вьетнамнан Қазақстанға біздің құқық қорғау органдарынан бос тасалап, халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы экстрадицияланды. Ер адам биыл ақпанда ұсталған, деп хабарлайды Tengrinews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.


Тергеу бойынша, 2022–2023 жылдары күдікті сыбайласымен бірлесіп Алматы аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, нәтижесінде 12 миллион теңгеден астам қылмыстық пайда тапқан.

Сыбайласы қылмыстық жауапкершілікке тартылды, ал оның шетелдік серіктесі жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Қазақстанға экстрадицияланғаннан кейін ер адам тергеу изоляторына қамалды.

"Айып тағылған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - деп хабарлады қадағалау органы.

Таяуда Қазақстанға World Business Consulting қаржы пирамидасы ісі бойынша күдікті экстрадицияланған болатын. Ол 2026 жылдың қаңтарында Грузияда ұсталған.

Тағы оқыңыз: Қарақшылық үшін сотталған қазақстандық әйел Ресейден қайтарылды

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +20
Ақтау +28
Ақтөбе +30
Атырау +34
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +21
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +24
П
Павлодар +23
Петропавл +29
С
Семей +30
Т
Талдықорған +29
Тараз +22
Түркістан +34
О
Орал +30
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер