21 наурыз 2020 16:52

Вирус жұқтырған Алматы облысының тұрғынымен байланыста болған 11 адам карантинге жатқызылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вирус жұқтырған Алматы облысының тұрғынымен байланыста болған 11 адам карантинге жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Вирус жұқтырған Алматы облысының тұрғынымен байланыста болған 11 адам карантинге жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Науқас Сауд Арабиясынан қажылықтан келгені белгілі болды. Ол 19 наурызда өзін нашар сезіне бастаған, 20 наурызда Қырғауылды ауылының дәрігерлеріне жүгінген.

"Дәрігерлер оған ЖРВИ, КВИ диагнозын қойғаннан кейін ол жедел жәрдем бригадасымен Қарасай аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілді. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы орташа, жөтел жоқ, өкпе сырылдамайды. Зертханалық зерттеулер жүргізілді, СОVID-19 анықталды. 

Ер адаммен байланыста болған 11 адам анықталды, олардың қатарында төрт отбасы мүшесі, қажылыққа бірге барған үш адам және екі досы бар. Омен байланысқан адамдар әлі де анықталып жатыр. Облыс аумағында тұратын науқаспен байланыса болған адамдар провизорлық стационарда оқшауланады", - деді баспасөз қызметі өкілі.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің айтуынша, 18 ақпан мен 17 наурыз аралығында ер адам Сауд Арабиясында Меккеде болған.

"17 наурызда Ыстамбұлдан Бішкекке ұшып келген. Сол күні Бішкектен Алматыға таксимен шыққан, жүргізушінің кім екенін білмейді, көлік нөмірі есінде жоқ. 18 наурызда өз көлігімен Жамбыл облысына, отбасына барып, сол күні үйіне қайтып келген", - деп атап өтті Ахметшәріп.

Еске салайық, 53-ші вирус анықталған адам туралы 21 наурызда таңертең хабарланған болатын. Ол Алматы облысы Қарасай ауданында тұрады.

Нұр-Сұлтанда коронавирустан қазір 28 адам, Алматыда 22 адам емделіп жатыр. Екі науқас Қарағандыда.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети