1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Вице-министр 42 500 теңгені екінші айда қалай алу керегін айтты

Сурет: Тұрар Қазанғапов Сурет: Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев журналист және блогер Роза Есенқұловаға оның Instagram-дағы парақшасында берген сұхбатында қазақстандықтарға берілетін әлеуметтік көмек - 42 500 теңгеннің екінші айы туралы айтты.

Шенеуніктің айтуынша, екінші айда 42 500 теңге алу үшін қайтадан өтінім жіберу қажет емес.

"Бүгін таңертең Мемлекет басшысы ТЖ режимі сәуір айының соңына дейін ұзартылғанын айтты. Бастапқыдан 42 500 - төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға берілетін ай сайынғы төлем екені айтылған болатын.

Яғни, ТЖ ұзартылған жағдайда, адамдар келесі айда екінші рет бұл соманы алады. Оған үміткер болу үшін тағы өтініш берудің және бірдеңені дәлелдеудің қажеті жоқ. Қазір өтінім берген және ақшасы түскен адамдар қайта алады", - деді вице-министр.

Төтенше жағдай режимі тек екі аптаға (30 сәуірге дейін) ұзартылғандықтан екінші айда төлемнің жартысы ғана беріле ме, деген сұраққа Мұқышев: "Қазір бұл жағы талқыланып жатыр. Толық 42 500 теңге төлеуді жоспарлап отырмыз. Не болса да, бәрі ережелерге сай қабылданады. Барлығы халыққа жеткізіледі", - деп жауап берді.

Вице-министр 42 500 теңге төтенше жағдай кезеңіне тағайындалғанын, сондықтан алғашқы төлем 16 наурыздан 15 сәуірге дейін жүретінін айтты. Сонымен қатар, 15 сәуірге дейін төлем алуға өтінім берілсе, онда ол адам алғашқы төлемге үміткер бола алады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

ШҚО-да ұшақ өртенді