18 наурыз 2021 17:00

Вице-министр қандастарға қандай жағдайда жер сатып алуға болатынын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов қандастарға ауыл шаруашылығына арналған жерлерді сатуға және жалға беруге тыйым салу туралы норманы түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов қандастарға ауыл шаруашылығына арналған жерлерді сатуға және жалға беруге тыйым салу туралы норманы түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өтіп жатыр.

"Қандастарымыз жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін жер ала алатынын ескеріп өткім келеді. Бұл ретте олар Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана ауыл шаруашылығы үшін жерді жалға алуына болады", - деді Рүстем Құрманов заң жобасын таныстыру кезінде.

Ауыл шаруашылығы мақсатына қолданылатын жер учаскелерін мына адамдарға жалға беруге толық тыйым салынады:

  • шетел азаматтарына;
  • азаматтығы жоқ адамдарға;
  • шетелдік заңды тұлғаларға;
  • шетел қатысы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына;
  • халықаралық ұйымдарға;
  • халықаралық ғылыми орталықтарға;
  • сондай-ақ, кандастарға.

"Заң жобасында жалға беру мерзімі аяқталғанға дейін берілген ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануды реттейтін, сондай-ақ жалға беруді ұзартуға тыйым салатын ереже қарастырылған. Ол 2016 жылдың 1 шілдесіне дейінгі кезең. Заң жобасында Жер кодексіне, сондай-ақ "көші-қон туралы" заңды қоса алғанда, үш заңға өзгерістер енгізу көзделген. Заң жобасын қабылдаудың әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары жоқ", - деді вице-министр.

Жер қатынастары мәселелері жөніндегі заң жобасына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастама жасады. Бұған дейін ол Қазақстан жері шетелдіктерге сатылуы мүмкін деген қауесетті тоқтату үшін осы заңды шұғыл дайындауды тапсырған болатын. 12 наурызда Мемлекет басшысы заң жобасын Мәжіліске жіберді.

Кейін ауыл шаруашылығына арналған жерлерді сатуға және жалға беруге тыйым салу қандастарға да қатысты ететіні белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети