01 қазан 2020 16:01

Вице-министр құс тұмауына байланысты шектеулер енгізілуі мүмкін екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: unsplash.com Фото: unsplash.com

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева құс тұмауына байланысты жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева құс тұмауына байланысты жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алдағы уақытта сіз құс, ет және жұмыртқа әкелуге немесе әкетуге жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығармайсыз ғой?" - деп журналист вице-министрге сұрақ қойды.

"Мұның бәрі құстың қырылуы туралы жаңа ақпаратқа байланысты. Егер зертханалық зерттеу құс тұмауының жоғары патогенді вирустың болуын көрсетсе, ветеринарлық қызмет тиісті шектеулерді енгізіп, қажет карантин шараларын жүргізеді", - деді Гүлмира Исаева орталық коммукациялар қызметінде өткен брифингте.

Ол бүгінде еліміздің 6 облысы 25 ауданындағы 48 елді мекенде карантин енгізілгенін атап өтті. Исаева бұл осы аумақта жоғары патогенді құс тұмауының расталғанын көрсететінін жеткізді.

"Бүгінде Түркістан облысындағы барлық елді мекенде құс тұмауы расталған жоқ. Ал Ақтөбе облысы мен Шымкентте құс қырылған еді. Жамбыл облысының бір ауданында, Павлодар облысының бір ауданында және Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының төрт елді мекенінде құс қырылған болатын", - деді вице-министр.

Еліміздің 4 облысында құстардың қырылуы тоқтады

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети