РФ Президенті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің егемендігіне нұқсан келмейтіндігін атады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
РФ Президенті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің егемендігіне нұқсан келмейтіндігін атады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Бүгін үш ел басшылар келісімге қол қойғаннан кейін мәлімдеме жасаған еді. Онда сөз алған Ресей басшысы "Қазақстан, Белоруссия, Ресей үкіметтерінің бірлескен Еуразиялық экономикалық комиссиясының 1-шілдеге дейін өзара Еуразиялық экономикалық одақ туралы құжатты дайындау туралы бастамасы сәтті іске асты. 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде Н.Назарбаев осы идеяны ұсынған болатын. Одан кейін бұл идея жоғары қарқында дамып, 2009 жылы ҚР Президенті қайта ұсыныс жасап, бұл жұмысты бірге атқаратынымыз туралы келіскен болатынбыз", - деді.
В.Путиннің айтуынша, бұл идеяны Ресей жалпыұлттық консенсус ретінде қабылдайды. Бүгінде Ресей экономикасында еуразиялық кеңістік азаматтар үшін кең көлемдегі нарыққа ашылған мүмкіндік болып отыр. Қазақстан, Белоруссия, Ресейдің өзара іс-қимылдың жаңа дейгейіне көтерілетінін алға тартқан В.Путин тауар, жұмыс күші, капитал көлемінің артатынын да тілге тиек етті.
"Үштік одақ келісімді негізде экономикалық қозғаушы күші өндіріс, энергетика, ауыл шаруашылығы, транспортта бірігіп жүргізеді. Бұл өте маңызды жұмыс. ТМД нарығындағы кеңістік 170 миллионнан астам адамды құрайды. Бұның негізінде ауқымды өндірістік, ғылыми және технологиялық әлеуеті, мол табиғи ресурсы бар алып біртұтас нарық құрылуда. Бұған қазірдің өзінде әлемдегі ірі экономикалық ойыншылар қызығушылық танытып отыр", - деді РФ Президенті.
Сонымен қатар, әлемдік нарықта халықаралық құқық субъектісіне толық көлемде ие және Дүниежүзілік сауда ұйымы ұстанымдарына сай жаңа экономикалық ұйым пайда болатындығын атады.