24 мамыр 2022 11:49

WBO Әлімханұлы-Андраде жекпе-жегі өтуі керек мерзімді атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) "уақытша" титулдың иегері Жәнібек Әлімханұлы мен WBO-ның орта салмақтағы чемпионы америкалық Деметриус Андраде арасындағы жекпе-жекке рұқсат берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) "уақытша" титулдың иегері Жәнібек Әлімханұлы мен WBO-ның орта салмақтағы чемпионы америкалық Деметриус Андраде арасындағы жекпе-жекке рұқсат берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"WBO-ның орта салмақтағы чемпионының Әлімханұлы-Дигнум кездесуінен кейін келесі жекпе-жекті өткізуге 180 күні бар", - деді WBO комитетінің төрағасы Луис Батисту-Салас.

Осылайша, Андраде титулды қорғау үшін өтетін жекпе-жекті 17 қарашадан кешіктірмеуі керек. 

Андраде Әлімханұлына қарсы кездесуден бас тартса, ол WBO титулынан айырылады, ал Жәнібек орта салмақтағы ұйымның әлем чемпионы мәртебесіне дейін көтеріледі.

WBO Әлімханұлы мен Андрадеге 30 күндік келіссөздер кезеңін орнатады.

Еске салайық, Әлімханұлы 22 мамырда Лас-Вегаста ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) мерзімінен бұрын жеңген болатын. Титул сарапқа салынған жекпе-жек екінші раундта аяқталған. Бұл жетістік қазақстандыққа әлемдік белбеу алуға мүмкіндік берген еді.

Бұған дейін орта салмақтағы WBO-ның "уақытша" чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласы туралы сұраққа жауап берген

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети