21 қазан 2016 16:07

Я. Пейшэн: Назарбаевтың жаһандық бастамалары Қазақстанды беделді елге айналдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© theNews.kz © theNews.kz

Дипломатияның жетілуі, қол жеткізілген мақсаттар, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамалары Қазақстанды "үлкен" елге айналдырды. Бұл жөнінде Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлігінің елшісі Яо Пейшэн "Н. Назарбаевтың "Әлем. ХХІ ғасыр" манифесі және қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндері" атты халықаралық саясаттанушылар конгресі барысында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.
 
"Қазақстан аумағы жағынан - үлкен ел, ал халық саны жағынан - кішкентай. Бірақ дипломатиялық стилі мен жетілуі, қол жеткізілген мақсаттары, танымалдылығы жағынан Қазақстан «үлкен» ел болып саналады", - деп атап өтті Я. Пейшэн.


Дипломатияның жетілуі, қол жеткізілген мақсаттар, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамалары Қазақстанды "үлкен" елге айналдырды. Бұл жөнінде Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлігінің елшісі Яо Пейшэн "Н. Назарбаевтың "Әлем. ХХІ ғасыр" манифесі және қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндері" атты халықаралық саясаттанушылар конгресі барысында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.
 
"Қазақстан аумағы жағынан - үлкен ел, ал халық саны жағынан - кішкентай. Бірақ дипломатиялық стилі мен жетілуі, қол жеткізілген мақсаттары, танымалдылығы жағынан Қазақстан «үлкен» ел болып саналады", - деп атап өтті Я. Пейшэн.

Сонымен бірге сарапшы Қазақстанның инновациялар рухы, тұрақты белсенділік және үдемелілік, құнды инклюзивтілік сияқты төрт дипломатиясын атап өтті.

"Инновациялар рухы: Азиядағы өзара іс-қимыл және сенімділік шаралары жөніндегі жиналыс, әлемдік және дәстүрлі дінбасылардың съезі, ЕАЭО құру бастамасы және басқа да жүзеге асырылатын маңызды бастамалар. Тұрақты белсенділік және үдемелілік: Президент Н. Назарбаев қай жерде болмасын, сыртқы әлемдегі әріптестермен ынтымақтастық жасау мүмкіндігін жібермейді. Құнды инклюзивтілік: Қазақстанның барлық жерде достары бар. Ресеймен және Қытаймен, сондай-ақ басқа да елдермен тығыз әрі тұрақты достық қарым-қатынас орнатылған. Мемлекет ЕО-мен және АҚШ-пен іскерлік байланыс орнатты. Президент тек екіжақты қарым-қатынастарда ғана емес, сонымен қатар көпжақты қарым-қатынастардағы проблемаларды шешуде кең пейілділік пен икемділік көрсете алады", - деді Я. Пейшэн.

Сарапшының пікірі бойынша, Қазақстанның сәтті дипломатиясы елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік саласын дамыту үшін сыртқы қолайлы жағдайлар жасады.

"Қазақстан мен Қытай БҰҰ, АӨСШЖ, ШЫҰ және басқа ұйымдар шеңберінде бірқатар өңірлік және халықаралық проблемаларды тығыз үйлестіреді. Алдағы екі жыл ішінде Қазақстан БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретінде Қытаймен, Ресеймен және БҰҰ ҚК басқа да мүшелерімен бірге бір үстел басында жұмыс істейді. Біз әр түрлі жаһандық проблемаларды шешуге жаңа үлес қоса алатынымызға және әлем Қазақстанды ести алатынына сенімдімін", - деп қорытты қытай дипломаты.

Сонымен бірге, Қытай халық республикасының Сыртқы істер министрлігінің елшісі ҚР-ның 2017-2018 жылдары Біріккен Ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы елдің мәртебесін көрсететіндігін айтты.

"Әлем. XXI ғасыр" Манифесті - жауапкершілгі мол елдің дауысы. Елбасы Н.Назарбаев әлемдегі болып жатқан жағдайларды бағалап қана қоймай, олардың салдарына жауап қайтару жолдарын іздейді. Ол жердегі қауіпті тенденцияларды айтып өтті. Бізді әлемде кейбір мемлекеттердің дағдарыстан екістандарттық саясатты қолданып жатқаны алаңдатты. Олардың кесірінен әлемде қанша ана мен бала қаза тапты", - деді ол.

Сарапшының айтуынша, манифест Қазақстан көшбасшысының стратегиялық ойлауын  көрсетіп отыр.

"Біздіңше, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі мол. Мәселен, 25 жыл бұрын Н.Назарбаев  ұжымдық қауіпсіздікті құру идеясын ұсынды, ол Азия континенті елдерін біріктіріп отыр, оған қоса АӨСШК кеңесін өткізуді ұсынған болатын. Оның өзегі жаңа жағдайда жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі таңда 26 ел аталмыш ұйым құрамына енген. Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан алғашқы ел болды", - деді Я. Пейшэн.

ҚХР СІМ елшісі айтқандай, "Әлем. XXI ғасыр" Манифесті   барша адамзаттың тағдырына қатысты құжат.

Оның айтуынша, ҚР-ның  2017-2018 жылдары Біріккен Ұлттар ұйымының   Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесіне сайлануы елдің мәртебесін  көрсетеді.

Айта кетейік, Астанада "Н.Назарбаевтың "Әлем. XXI ғасыр" манифесті" саясаттанушылардың халықаралық конгресі өтті. Оның жұмысына Ресей мен Қытайдың сарапшылары мен ғалымдары, отандық саясаттанушылар, ғылыми-сараптамалық орталықтардың мамандары, профессорлар мен жоғарғы  оқу орындарының оқытушылары қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети