Ясауи кесенесіндегі ортағасырлық аспалы шырағдан тарихи тұғырына орнатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ясауи кесенесіндегі ортағасырлық аспалы шырағдан тарихи тұғырына орнатылды "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Бүгін, 18 мамыр - Халықаралық музейлер күніне орай Қожа Ахмет Ясауи қабірханасының алдына ортағасырлық аспалы шырағданды орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Бүгін, 18 мамыр - Халықаралық музейлер күніне орай Қожа Ахмет Ясауи қабірханасының алдына ортағасырлық аспалы шырағданды орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі әрбір бөлменің өзіндік тарихи қызметін жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Халықаралық музейлер күніне орай қорық- музей қорындағы ХVІ ғасырға тән құнды да түпнұсқа жәдiгерлердiң бiрі аспалы шырағданды тарихи тұғырына орнатып отырмыз. Шырағдан кезiнде Қазандық бөлмесiнiң солтүстiк ойығы астында, Қабырханаға кiре берiстегi арканың ұшында iлулi тұрған", - деді "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Н. Ахметжанов.

XVI ғасырда ілінген аспалы шырағдан 1993-1999 жылдар аралығында кесенеде жүргізілген жөндеу жұмыстары кезiнде төмен түсiрiлiп, оны жан-жақты зерттеп, талдауға мүмкiндiк туған. Оған дейін оны ешқандай зерттеушiлер, не кесененiң дiни қызметшiлерi орнынан қозғаған емес, уақытқа байланысты оның сыртқы түсі қарақошқылданып кеткен.

Шырағданның түр-тұрпаты құмыра тәрiздi болып келген. Бүйiрiндегi үш жерiнен (асып) iлiп қоюға арналған шынжырлар бекiтiлген, iлмегi бар. Iлмек - Қазандық бөлмесiнiң Қақпа есiгiнiң балғашаларындағы жануар бейнесiн (барыс) қайталайды. Осы үш шынжыр жоғары көтерiлiп бiр дөңгелек метал пластинаға бекiтiлген де ары қарай ойық ұшына iлiнетiн iлмекпен аяқталады.

Сондай-ақ, бүйiрiнiң бiр шетiнде өрнектеп парсы тiлiнде жазылған тарихи маңызды жазулары бар:

Аудармасы: Әулиелердің сұлтаны, тақуалардың дәлелі, Қожа Ахмет Ясауи. Бұл аспалы шырақты Хажжаж ибн Уаққас Сайрами арнайы Сұлтанның [Қожа Ахмет Ясауи] кесенесіне уақф ретінде сыйға тартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +21
Ақтау +24
Ақтөбе +16
Атырау +23
Б
Балқаш +20
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +22
Қызылорда +16
П
Павлодар +18
Петропавл +16
С
Семей +18
Т
Талдықорған +20
Тараз +21
Түркістан +18
О
Орал +15
Ө
Өскемен +21
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер