29 қараша 2021 19:09

Ыбырай Жақаевтың 130 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ақ күріштің атасы, екі дүркін Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ақ күріштің атасы, екі дүркін Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы және Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, Ыбырай Жақаевтың ұлы, еңбек ардагері Сейітбек Жақаев, Ресей Федерациясының, Қазақстан және Өзбекстан Республикаларының белгілі ғалымдары, аймағымыздың атақты еңбек ардагерлері мен ауылшаруашылық құрылымдарының өкілдері қатысты.

Конференцияда аймақ басшысы "дала академигі" Ыбырай Жақаевтың күріш дақылын өсіру, оны күтіп-баптау ісіне қосқан еңбегін ерекше атап өтіп, Ыбырай Жақаевтың еңбегін бүгінгі күні ізбасарлары жаңғыртып келе жатқанын тілге тиек етті.

"Ежелден тарихы бай Сыр өңірінде елі мақтан етер біртуар тұлғалар жетерлік. Солардың арасынан даңғайыр диқан Ыбырай Жақаев әлемге қазақтың еңбекте орасан зор табысқа жете алатының дәлелдеп кетті. Туған жер төсіне қайың кетпенімен ерлікке тән еңбек дастанын жазып қалдырды. Ақ күріштің атасы атанған Ыбырай Жақаевтың кеңестік кезеңдегі еңбек адамына берілетін ең жоғары марапат - Социалистік Еңбек Ері атағын  екі дүркін иеленуі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атануы қарапайым еңбек адамын бағалаудың үлгісі болды", - деді облыс әкімі.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бахтиярұлы іс-шараға қатысушыларды құттықтап, конференция жұмысына сәттілік тілеп, еңбек адамдарының мәртебесін арттыру ісіне қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Конференция барысында Ресей Федерациясының Күріш федералды ғылыми орталығының профессоры, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы Максим Ладатко мен Өзбекстан Республикасындағы Қарақалпақ дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар Ғылыми зерттеу институтының ғылыми тәжірибе станциясының ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Есбосын Садықов өңірлеріндегі күріш өсіру бойынша селекциялық жұмыстар барысы мен осы бағыттағы өзара әріптестік мүмкіндіктерін таныстырды. Іс-шара соңында облыс әкімі бірқатар сала үздігі мен егін шаруашылығы мәселелерін зерттеп жүрген ғалымдарға Ыбырай Жақаевтың 130 жылдығына арналған арнайы төсбелгіні табыстады.

Айта кетейік, өңірімізге даңғайыр диқан мерейтойын атап өтуге арнайы келген қонақтар облыс орталығындағы Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы институтының жұмысымен танысады. Сондай-ақ, іс-шара аясында атақты күрішшінің ескерткішіне гүл қою рәсімін өткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети