25 қыркүйек 2020 21:10

Ынта мен күн режимі. Баланы қашықтан оқуға қалай бейімдеу керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасы эфирінде психология ғылымдарының кандидаты Сандуғаш Құдайбергенова онлайн оқытуға бейімделудегі ата-аналардың көмегі, сондай-ақ мотивация әдістері туралы айтты. Tengrinews.kz сұхбат үзінділерінің жазбаша нұсқасын дайындады.


i-balaqai жобасы эфирінде психология ғылымдарының кандидаты Сандуғаш Құдайбергенова онлайн оқытуға бейімделудегі ата-аналардың көмегі, сондай-ақ мотивация әдістері туралы айтты. Tengrinews.kz сұхбат үзінділерінің жазбаша нұсқасын дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund қорымен бірігіп, жаңа i-balaqai жобасын бастаған болатын. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі.Қонақтар тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңестер береді. Эфир әр бейсенбі сайын сағат 20:00-де шығады.

Зерттеу нәтижесі туралы

Сандуғаш Құдайбергенова өзбек әріптестерімен бірге қазақстандықтардың психологиялық әл-ауқатына қатысты екінші зерттеуін жүргізіп жатыр. Алғашқы зерттеу наурыздың аяғы мен сәуірдің басында болды.

"Біз психологиялық әл-ауқат, эмоциялық жағдай туралы, не нәрсе психологиялық жағдайды жеңуге көмектесетіні немесе кедергі келтіретіні туралы бірнеше сұрақ қойдық. Бірінші толқында біз қобалжу мен депрессия деңгейінің орташа екенін анықтадық. Психологиялық әл-ауқат деңгейі орташа деңгейде", - дейді ол.

Респонденттер физикалық байланыстардың, толық қарым-қатынас жасау мүмкіндігінің жетіспейтіні ыңғайсыздық тудыратынын айтқан. Жүйкені жұқартатын факторлардың бірі ретінде олар қашықтан оқытуды атаған. Алайда, көпшілігі туыстарымен, достарымен қарым-қатынасты қайта бағалағанын, педагогтардың, мұғалімдердің, психологтардың жұмысын бағалай бастағанын атап өткен.

"Біз психологиялық әл-ауқаттың деңгейі айтарлықтай тұрақты екенін, құлдырау байқалмағанын көрдік. Бұл наурыздың аяғында, сәуірдің басында болған. Мүмкін, наурыздың басында осындай дағдарыс болған шығар. Жалпы алғанда, жағдай айтарлықтай жеңіл, терең психикалық жарақаттар жоқ, бірақ екінші жағынан алаңдаушылық тудыратын сәттер бар". 

2 мыңнан аса респонденттің шамамен 60-70 пайызы - студенттер.

Қашықтан оқуға бейімделу

Қашықтан оқытуға дайындық кезінде ең алдымен уақыт пен кеңістікті ұйымдастыру керек.

"Шетелдік ақпарат көздері "Күн тәртібін ұйымдастырыңыздар" деп жазады. Шындығында, бұл күнделікті режимді ұйымдастыру. Кез келген әрекетті әдетке айналдырған кезде, барлық зат қалыпты дүние секілді қабылданады. Әсіресе, бұл балаларға қатысты".

Күннің белгіленген тәртібі: белгілі бір уақытта ояну, тамақтану, сабақ оқу - көптеген мәселені жояды.

Екіншісі - кеңістікті ұйымдастыру. 

"Кейде біздің жалғыз қалғымыз келетін сәттер болады. Тұрғын үй аумағы кішкентай болса да, бізге кейде жалғыз қалу керек екенін түсіну өте маңызды. Кезек-кезегімен жеке кеңістікте жаалғыз болуды ұйымдастыру өте қажет. Біз мұны түсінуіміз керек, балалар біз сияқты, олар да шаршайды, оларда жағымсыз эмоциялар болуы мүмкін", - деді психолог, ата-аналарды балаларына түсінікпен қарауға шақырып.

"Олар да өздерін жаман сезінеді, олар да үйренеді, сонымен қатар таныс орталарынан айырылады. Біз бұны сабырлы түрде қабылдауымыз керек". 

Эфир қонағының айтуынша, бала неғұрлым кішкентай болса, соғұрлым бұл орта, орын ұйымдастырылуы көбірек болуы керек. Мысалы, Сандуған Құдайбергенова сабақ оқу алдында киім ауыстыруға кеңес береді. 

"Ол мектеп костюмі болмауы мүмкін. Отыруға ыңғайсыз болуы мүмкін, бірақ бәрібір ол әр түрлі киімдер. Бала үшін сыртқы орта, орын, кеңістіктің ұйымдастырылуы керек. Оған бәлішпен немесе бір кесе шаймен баруға болмайды, өйткені ол оқып жатыр. Ол мектепте болған кездегідей. Үзіліс кезінде қасына барып, сөйлесіп, көмектесе аламыз", - дейді ол. 

Баланы ынталандыру

Сандуғаш Құдайбергенова онлайн-оқыту мәселесін екіге бөлуге болады деп санайды. Біріншісі оқу процесін ұйымдастыруға байланысты - бұл технология, оқыту әдістері және басқалары, ал екіншісі баланың жеке басына және оның отбасына байланысты.

Егер орта мектеп оқушысы өзінің оқуына саналы қараса, төменгі сынып оқушысын ынталандыру қиынырақ болады. Сондықтан оған білім алу процесі қызық болуы керек. Сайыс ұйымдастыруға болады, сәл сайын үзіліс жасап, әрекет түрін өзгерту керек немесе мұғалімнен баланы жиі мақтауды сұрауға болады.

"Егер бала кішкентай, мысалы, бастауыш мектеп оқушысы болса, 15-20 минут, бұл - оның бір орында отыра алатын ең ұзақ уақыты. Содан кейін қандай да бір үзіліс қажет. Біз үйде оқып, жұмыс істеген кезде компьютер алдында өткізетін уақыттың шегін жоғалтамыз. Мотивацияға әсер ететін тағы бір мәселе - бұл тапсырмалардың күрделілігі. Елестетіп көріңізші, сіз бәрін білесіз, ішіңіз пысады, жан-жаққа алаңдайсыз, тыңдағыңыз келмейді. Егер бұл өте қиын болса, онда бұл керісінше жағдай: "Өте қиын. Мен ештеңе түсінбеймін, тыңдаудың қажеті жоқ". Оңтайлы диапазон баланың мүмкіндіктерінен 15-20 пайызға артық", - деп түсіндірді психолог, ол баланың тапсырмалар деңгейі оның қабілеттерінен 40-50 пайызға жоғары болған кезде зеріктіретінін баса айтады.

Тыныс алу тәжірибесі

Психология ғылымдарының кандидаты Сандуғаш Құдайбергенова, сонымен қатар, қалыпты күйге қайтармаса да, мазасыздықтан айыратын тәжірибелерді қолдануды ұсынды.

"Бізде қалыпты болуы керек негізгі физиологиялық процестер бар. Сол кезде бұл негіз - ұйқы, демалыс және тамақтану - төзімді арттырады. Тыныс алу - бұл санамен басқарылатын жалғыз физиологиялық процесс. Егер біз йог болмасақ, пульсті тоқтата алмаймыз, температураны көтере алмаймыз. Квадрат әдісі бойынша мынадай тыныс алу бар: бір рет дем алып, төртке дейін санаймыз. "Бір, екі, үш, төрт" - демді шығарамыз. Мұны үзіліспен де істеуге болады. Тыныс алу арқылы біз психикалық-эмоциялық жағдайға әсер ете аламыз", - деді ол. 

Жоба қонағы пандемия кезінде онлайн-консультациялар арқылы көмек пен қолдау көрсету үшін жиналған дәрігерлердің, психотерапевтер мен психологтардың бірі болды. Толығырақ ақпаратты сайтқа кіру арқылы білуге ​​болады.

Видеосұхбат жазбасын TengriTV YouTube-каналынан, Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" және Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан таба алады. 

Сондай-ақ подкаст түріндегі материалды SoundCloud, Anchor.FM, Яндекс.Музыка және "ВКонтакте" желісінде тыңдай аласыздар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети