Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

Ыстамбұл әуежайында болған қазақстандықтар жарылыстар туралы айтып берді

29 Маусым 2016, 10:42
0
© REUTERS
© REUTERS

Ыстамбұл әуежайында жарылыс болған уақытта Астанадан Болгарияға ұшатын қазақстандықтар әуежайдың жүк қоймасы бөлігінде болыпты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне куәгерлердің бірі хабарлады. Ол бірінші жарылыстың алыста болғандықтан қатты естілмегенін айтты.

Ал әуежайдың кіреберісінде болған екінші жарылыстың даусы қатты шыққан. "Біздің тобымызда 21 адам болды. Біз Болгарияға балалармен музыкалық конкурсқа ұшқалы жатыр едік. Біз өз жүгімізді алып, өзгелерді күтіп тұрдық. Бастапқыда шапалақ сияқты дауыс естілді, кейін жарылыс болды. Бұл әуежайдың кіреберісінде, бақылау бөлімінде болды. Быт-шыты шықты, қабырғаның сылағы түсті. Құдайға шүкір, ешқайсымыз жарақат алмадық", - деді әйел. Ол өз тобының Astana music studio-да айналысатынын айтты. Олар Болгарияға сағат түнгі екіде ұшуы тиіс еді.

Қазір Түркияда сағат 7.00. Конкурс 1-7 шілде аралығында болады. Топ вокалмен айналысады екен. "Оқиға болғанда бізді әуежайдан шығарып алып кетіп, кетіп қалуымызды сұрады. Осыдан кейін біз қонақүйге жаяу келдік, ол әуежайдың маңында орналасқан. Бастапқыда бізді қонақүйге кіргізбеді, орын жоқ деді. Кейін Қазақстан консулдығы араласқаннан кейін бос бөлмелер табыла кетті", - деді ол.

 

Ататүрік халықаралық әуежайындағы автотұрақта, шығаберісінде және кіреберісінде үш бірдей жарылыс болған еді. Оқиға Астана уақытымен сағат 01.00-де болды. Соңғы мәліметтер бойынша, терактіден 36 адам қаза тапты. Шамамен 60 адам ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, Ыстамбұлдағы әуежайда шабуылды екі лаңкес жасаған, олар граната лақтырған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай