10 мамыр 2016 11:03

"Юбилейный" супермаркетінен шыққан өрттен 46 пәтер бүлінген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Юрий Беккер © Юрий Беккер

Алматыда "Юбилейный" супермаркетінен шыққан өрттен жақын тұрған үйдің 46 пәтері бүлінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. Бұл туралы үй комитетінің жетекшісі Александра Комарова айтып берді. 


Алматыда "Юбилейный" супермаркетінен шыққан өрттен жақын тұрған үйдің 46 пәтері бүлінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. Бұл туралы үй комитетінің жетекшісі Александра Комарова айтып берді. 

Оның айтуынша, "Корова бар" кафесінде шыққан өрттен мекеме қызметкерлері өртті өз күшімен сөндіруге тырысқан. "Олар таңғы төртте өздері сөндіргісі келген. Бірақ қолдарынан келмей, құбырды тескен. Содан жалын алтыншы қабатқа дейінгі шарпыған. Кейін тұрғындар өртсөндірушілерді шақырған, біз де шақырдық. Бірақ суы бар бір ғана көлік келді. Су жиналғанша крандарды аша бастадық. Бірақ мұндай жалынға су емес, көбік шашу керек", - деді Комарова. 

Осыдан кейін өртті ауыздықтауға мүмкіндік туды, үйдің тұрғындары әкімдік қызметкерлерімен бірігіп, бүлінген пәтерлерді аралай бастады. Мамандар бүлінген мүліктің құнын шығарды. Қазіргі уақытта супермаркеттің маңында ТЖ жөніндегі департаменттің қызметкерлері зардап шеккендерге арнап лагерь құрып жатыр. 

Өрт туралы хабар диспетчер пультіне 10 мамырда 04.37-де түскен. Бірінші бөлімше жеті минут өткенде, 04.44-те жеткен. "Корова бар" кафесінен өрт шығып, жеті қабатты үйдің сыртқы беті мен "Юбилейный" дүкеніне таралған. Өртті сөндіруге тартылған күш жағдай барысында көбейді. Өртті сөндірумен қатар үйдің келесі бетінен адамдарды қауіп төніп тұрған кіреберістерінен шығару жұмыстары жүргізілген. "Өртті сөндіру кезінде газ баллоны жарылды, бұл өртсөндірушілердің басын қатерге байлайтын жағдай. Абырой болғанда, ешкім қаза таппады, ешкім зардап шекпеді", - деп хабарлады Иманқұлов.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети