Із-түссіз жоғалып кеткен алматылық 19 жастағы студент Нура әл Накауа 10 күннен кейін үйіне оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Із-түссіз жоғалып кеткен алматылық 19 жастағы студент Нура әл Накауа 10 күннен кейін үйіне оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қыздың анасының айтуынша, ол үйге дін-аман оралған.
"Құдайға шүкір, оның жағдайы жақсы. Қазіргі уақытта бізде бәрі жақсы", - деді әйел.
Қыз баланың үйінен неліктен кетіп қалғаны айтылмайды.
Еске салайық, қыз бала 7 маусымда жоғалған еді. Ол Орбита ықшамауданындағы үйден 17:00 шамасында шығып, үйіне қайтып оралмаған.
Қыздың жоғалғаны туралы Instagram әлеуметтік желісінде @_volontery_almaty_lider.kz іздеу тобының паблигінде жарияланды.