13 қыркүйек 2020 16:16

"Заң аясында өткізді". Полиция Алматыдағы митинг туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Митинг кезінде қоғамдық тәртіп сақталды. Бұл туралы Алматы Полиция департаментіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Митинг кезінде қоғамдық тәртіп сақталды. Бұл туралы Алматы Полиция департаментіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, әкімдік рұқсат берген митинг штаттық режимде өткен және құқықбұзушылықтар анықталмаған.

"Шараға жүзге жуық адам қатысты. Митинг кезінде Шевченко көшесінің бойымен Пушкин көшесі мен Қонаев көшесінің аралығында көлік қозғалысы тоқтатылды. Митингіге қатысушылар шараны заң аясында өткізді", - деді полициядағылар.

Еске салайық, бүгін Алматыда Шоқан Уәлиханов атындағы саябақ алаңында митинг өтті. Митингіге шыққандар несия амнистиясы, қытайлық экспансия т.б. талабын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети