Жексенбіде еліміздің біраз бөлігінде жел күшейеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жексенбіде еліміздің біраз бөлігінде жел күшейеді ©Марат Әбілов

16 ақпан күні еліміздің солтүстігі, солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында ауа райы тұрақсыз болып, қар жауады және жел күшейіп, боран соғады деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. "Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде қар жауып, жекелеген аудандарда бұрқасын мен жел күшейеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады", - делінген кәсіпорынның хабарламасында. Метеорологтердің мәліметінше, Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, таңертен және күндіз жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Түнде және таңертең тұман болады. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында да бұрқасын болып, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Ақтөбе облысының жекелеген аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Атырау облысында 15-20 м/с жел соғып, күндіз өңірдің кей жерлерінде тұман болады. Алматы, Жамбыл облыстарында да тұман болады деген болжам бар. Күндіз Қызылорда, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +24
Ақтау +25
Ақтөбе +18
Атырау +23
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +21
П
Павлодар +20
Петропавл +21
С
Семей +27
Т
Талдықорған +32
Тараз +31
Түркістан +19
О
Орал +19
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер