12 ақпан 2021 12:18

Зейнетақы жинағын алу кезінде салық қалай ұсталады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Мемлекеттік кірістер комитеті зейнетақы жинағының бір бөлігін алған азаматтарға жеке табыс салығы (ЖТС) қалай есептелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекеттік кірістер комитеті зейнетақы жинағының бір бөлігін алған азаматтарға жеке табыс салығы (ЖТС) қалай есептелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зейнетақы жинақтарын алу үшін біржолғы зейнетақы төлемдеріне салық салудың жеке тәртібі көзделген.

ЖТС сомасын ұстап қалудың екі тәсілі бар. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жеке тұлға таңдап, қалдырған өтініші бойынша ЖТС сомасын ұстап қалады. Олар:

  • БЖЗҚ уәкілетті операторға аударған кезде - бір рет;
  • БЖЗҚ белгілеген кесте бойынша 16 жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен (зейнетақы аудару басталған келесі айдан бастап) ұстап отырады.

Мемлекеттік кірістер комитеті салықты ұстап қалудың бірнеше мысалын көрсетті:

Салымшының жеке зейнетақы жинағының сомасы = 8 500 000 теңге;
жеткіліктілік шегі = 3 500 000 теңге;
біржолғы зейнетақы төлемі = 5 000 000 теңге (8 500 000 - 3 500 000).

Салықты ұстап қалудың бірінші әдісі:
есептелген жеке зейнетақы жинағының сомасы = 5 000 000 (толық көлемде) * 10 пайыз = 500 000 теңге;
ұстап қалатын және бюджетке аударылатын ЖТС сомасы = 500 000 теңге;
біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі табыс сомасы = 4 500 000 теңге (5 000 000 - 500 000).

Салықты ұстап қалудың екінші әдісі:
есептелген ЖТС сомасы = 5 000 000 (толық көлемде) * 10 пайыз = 500 000 теңге;
біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі табыс сомасы = 5 000 000 теңге.

Кейінге қалдыру тәсілімен салықты ұстап қалудың екінші жолын таңдағанда, одан кейін болған жағдайлар бойынша ЖТС ұстап қалуға жекелеген ережелер белгіленген:

  • Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен кезде - зейнетақы төлемі сомасынан бір рет;
  • зейнетақы жинақтарының сомаларын сақтандыру ұйымдарына аудару кезінде - зейнетақы төлемі сомасынан бір рет;
  • қайтыс болған жағдайда - мұрагерлермен мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарымен бір мезгілде ұстап қалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети