11 наурыз 2021 10:40

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу: көшбасшы өңірлер аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу бойынша көшбасшы өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу бойынша көшбасшы өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Досаев 9 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларынан 721,7 миллиард теңгені алуға 138,9 мың өтінім түскенін хабарлады.

"Азаматтар алынған жинақтың 99,7 пайызын тұрғын үй мәселесін шешуге бағыттаған. Сенімгерлік басқару бойынша төрт басқарушы компанияға 936,3 миллион теңге 402 адамның зейнетақы жинақтары берілді. Өңірлер бойынша Маңғыстау облысы, Алматы мен Нұр-Сұлтан үлесіне барлық өтінімнің 62,5 пайызы тиесілі", - деп түсіндірді Досаев.

Ол БЖЗҚ зейнетақы активтері жыл басынан бері халықтың қаражатты мерзімінен бұрын алуына байланысты 0,3 триллион теңгеге немесе 2 пайызға, 12,6 триллион теңгеге дейін төмендегенін айтты. Салымшылар енгізген зейнетақы жарнасының көлемі 191,7 миллиард теңге, зейнетақы төлемінің көлемі 60,1 миллиард теңге.

"2021 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық табыс мөлшері 222,9 миллиард теңге болды. Алғашқы екі ай қорытындысы бойынша инфляция 1,3 пайыз болған кезде 1,7 пайыз мөлшерінде кіріс келді. Нақты кіріс инвестициялық қызмет, сондай-ақ зейнетақы активтерін нарық және бағам қайта бағалау нәтижесінде қамтамасыз етілді", - деп толықтырды Ұлттық банк басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети