"Отбасы банк" өкілі ипотеканы зейнетақы төлемі арқылы өтегеннен кейін бес жыл ішінде жылжымайтын мүлікті сатуға бола ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Отбасы банк" өкілі ипотеканы зейнетақы төлемі арқылы өтегеннен кейін бес жыл ішінде жылжымайтын мүлікті сатуға бола ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Банктің Instagram-дағы парақшасында болған тікелей эфирде қолдаланушылардың бірі 2019 жылы тамызда рәсімделген ипотека зейнетақы арқылы жабылса, пәтерді бес жыл ішінде сатуға бола ма депген сұрақ қойды.
"Тұрғын үй біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып сатып алынбаған болса. Ереже 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Тиісінше, бұл үйге бес жылдық шектеу қолданылмайды", - деп жауап берді "Отбасы банк" өңірлік даму директоры Рахиля Балтабаева.
Бұған дейін тұрғын үй үшін зейнетақы жинағын алу ережесі жарияланған.
Бір жолғы зейнетақы төлемдерін мына мақсаттарда пайдалануға рұқсат етіледі:
- тұрғын үйді сатып алу-сату, жекешелендіру, бөліп төлеу, айырбастау шарттары бойынша, үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес кепілдік болған кезде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша толық есеп айырысу;
- жер сатып алуды есептегенде, жеке тұрғын үй салуға;
- ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу;
- ипотекалық тұрғын үй қарызын алу, берешекті ішінара немесе толық өтеу, қайта қаржыландыру;
- ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу, ислам банкінің тұрғын үй сатып алу жөніндегі мəмілені қаржыландыруы шеңберінде берешекті ішінара, толық өтеу;
- сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеуге міндетті.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға арналған өтінімдер қабылдайтын сайт 23 қаңтарда іске қосылатыны хабарланды. "Отбасы банк" өкілдері өтініш бергенге дейін қолданыстағы ЭЦҚ болуы қажет екенін ескертеді.
Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Биыл 2 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойған еді.
Кейінірек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері зейнетақы жинағының бір бөлігін қалай пайдалануға болатынын түсіндіріп берген болатын. Қордағылар қаражатты нақты қай мақсатта қолдануға болатынына жеке-жеке тоқталған еді.
Зейнетақы жинағының шекті сомасы
Зейнетақы жинағының бір бөлігін алу кезінде комиссия ұстала ма?
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!