Зейнетақы жинағының бір бөлігін алу кезінде комиссия ұстала ма?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Әлихан Сариев © Әлихан Сариев

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу кезінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұстап қалуы мүмкін комиссияға шағымданып жатыр. Банк басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова қазақстандықтардың сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу кезінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұстап қалуы мүмкін комиссияға шағымданып жатыр. Банк басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова қазақстандықтардың сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ибрагимованың айтуынша, ешқандай да комиссия ұсталмайды.

"Біз зейнетақы төлемдерін аударуға байланысты барлық комиссияны нөлге теңестіруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, банк БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін қабылдау және есепке алу бойынша агенттік қызметтер көрсеткені үшін комиссия алмайды", - деп мәлімдеді ол.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде БЖЗҚ-мен дерекқорлар интеграцияланып жатыр және 2021 жылдың басында өтінімдерді қабылдау бойынша онлайн-сервис іске қосылады.

Бұдан бөлек, басқарма төрайымы зейнетақы төлемдерін кез келген банктен ипотека алу үшін бастапқы жарна ретінде пайдалануға болатынын еске салды.

Зейнетақы жинағын алған кезде салынатын салық: Тоқаев түзетулерге қол қойды

Сондай-ақ, ол сұхбатында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы зейнетақы жинағын пайдалану ережелерін еске салды. Оның айтуынша, зейнетақы жинағының бір бөлігін алушылар өздерінің зейнетақы жинағы шегінде бұл төлемдерді шектеусіз рет және таңдап алынған мақсаттар санын шектемей пайдалана алады.

Тұрғын үйдің болуы бас тартуға негіз болмайды, яғни екінші немесе үшінші пәтер сатып алуға болады.

"Ерлі-зайыпты мен жақын туыстар өзінің зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану үшін біріктіре алады. Алайда оларға жұбайынан және басқа да жақын туыстарынан зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып жылжымайтын мүлік сатып алуға болмайды.

Сондай-ақ, алушылар оған меншік құқығы тіркелген күннен бастап бес жыл ішінде зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, сатып алынған жылжымайтын мүлікті сата, сыйға тарта, айырбастай алмайды. Бұл мораторий бір-екі айдан кейін сатып алынған тұрғын үйді қайта сатпауға және қолма-қол ақшаны алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне жол бермеу шарасы болады", - деді ол.

Ләззат Ибрагимованың айтуынша, қазір порталда ЭЦҚ көмегімен онлайн авторизациялаудан өту мәселесі қарастырылып жатыр. Сайтта құжаттарды жүктеуге, зейнетақы жинағының қолжетімді сомасын пайдалану үшін өтінім қалдыруға болады:

тұрғын үй және жер учаскесін сатып алу;

екінші деңгейдегі банктердегі ипотекалық тұрғын үй қарызын ішінара немесе толық өтеу;

тұрғын үй құрылысы;

ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру;

ем алу.

"Қандай мақсатта алатынын таңдағаннан кейін пайдаланушы қазір алғысы келетін соманы көрсетуі керек. Пайдаланушы өзінің зейнетақы шотынан БЖЗҚ-ға қаражатты есептен шығаруға өтінім жібергеннен кейін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі құжаттардың дұрыстығын және олардың мәлімделген мақсатқа сәйкестігін тексереді.

Содан кейін өтінім қаралып, онлайн пайдаланушыға БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін аудару үшін ағымдағы шот ашылады, одан қаражат өтінімде көрсетілген деректемелер бойынша аударылатын болады. Біз бұл процесті клиент үшін барынша ыңғайлы және түсінікті етіп жасағымыз келеді. Сондай-ақ, телефоннан бейнеқоңырау қызметі белсенді пайдаланылады, ал арнайы ағымдағы шотты ашу интернет-банкингте қолжетімді болады", - деді Ләззат Ибрагимова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer