Зейнетақы жинағының бір бөлігін алу: өтінім қабылдайтын сайт 23 қаңтарда іске қосылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зейнетақы жинағының бір бөлігін алу: өтінім қабылдайтын сайт 23 қаңтарда іске қосылады © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға арналған өтінімдер қабылдайтын сайт 23 қаңтарда іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Отбасы банк" сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға арналған өтінімдер қабылдайтын сайт 23 қаңтарда іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Отбасы банк" сайтына сілтеме жасап.

23 қаңтарда "Отбасы банкі" зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім қабылдау үшін онлайн-платформаны іске қосатыны айтылады.

Банк өкілдері өтініш бергенге дейін қолданыстағы ЭЦҚ болуы қажет екенін ескертеді.

"ЭЦҚ арқылы немесе өзге электронды тәсілмен уәкілетті оператордың интернет-ресурсында тіркелу, жеке кабинетті ашу және арнайы шот ашуға өтінім беру қажет.

Өтініш беруші арнайы шотты уәкілетті оператордың ішкі құжатында белгіленген өзге тәсілмен аша алады.

Арнайы шотты ашқаннан кейін арнайы шоттың нөмірін, пайдалану мақсатын, қолжетімді соманы, жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару тәсілдерін көрсете отырып, біржолғы зейнетақы төлеміне арналған электронды өтініштерді толтырыңыз", - делінген банк хабарламасында.

Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Биыл 2 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойған еді.

Кейінірек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері зейнетақы жинағының бір бөлігін қалай пайдалануға болатынын түсіндіріп берген болатын. Қордағылар қаражатты нақты қай мақсатта қолдануға болатынына жеке-жеке тоқталған еді.


Зейнетақы жинағының шекті сомасы

Зейнетақы жинағының бір бөлігін алу кезінде комиссия ұстала ма?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети