14 желтоқсан 2022 12:54

Зейнетақы жинақтарын алу: министрге "әділетсіз жеткілікті шек" туралы сұрақ қойылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға зейнетақы жинақтарын алудың әлеуметтік маңыздылығы мен мәні туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға зейнетақы жинақтарын алудың әлеуметтік маңыздылығы мен мәні туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жеткілікті шекке жалақысы жоғары, қазірдің өзінде баспана алуға мүмкіндігі бар азаматтар жетсе, зейнетақы жинақтарын алудың әлеуметтік мәні неде" деген сауал министрге Мәжіліс кулуарында қойылды.

Министр қазақстандықтар жинақтарынан 3,5 триллион теңге алғанын, оларды ипотекалық несиесін жабуға және баспана сатып алуға бағыттағанын айтты.

"Сондықтан оны тек табысы жоғары адамдар алды деп айта алмаймын. Бір миллионнан аса адам жасы бойынша барлық дерлік санат бар, жастар да, орта жастағылар да, қажет болса, жас құрылымы бойынша БЖЗҚ-дан ақпарат алайық, оны кім алды. Оны табысы жоғарылар ғана алды деп айта алмаймын", - деп жауап берді Дүйсенова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети