22 қаңтар 2021 | 15:50

Зейнетақы жинақтарын алуға өтінімдер қабылдаудың нақты уақыты аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова қазақстандықтар зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін сайтта қашан өтінім бере алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова қазақстандықтар зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін сайтта қашан өтінім бере алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ертең сенбіде, адамдар жұмыстан босаған кезде, сағат 9.00-ден бастап бағдарламаны асыға күтетіндердің барлығын күтеміз. Біз оны (демалыс күнді. - Автор) барлығы өтінім бере алу үшін арнайы таңдадық", - деді Ибрагимова ОКҚ брифингінде.

Бұған дейін тұрғын үй үшін зейнетақы жинағын алу ережесі жарияланған.

Бір жолғы зейнетақы төлемдерін мына мақсаттарда пайдалануға рұқсат етіледі:

  • тұрғын үйді сатып алу-сату, жекешелендіру, бөліп төлеу, айырбастау шарттары бойынша, үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес кепілдік болған кезде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша толық есеп айырысу;
  • жер сатып алуды есептегенде, жеке тұрғын үй салуға;
  • ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу;
  • ипотекалық тұрғын үй қарызын алу, берешекті ішінара немесе толық өтеу, қайта қаржыландыру;
  • ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу, ислам банкінің тұрғын үй сатып алу жөніндегі мəмілені қаржыландыруы шеңберінде берешекті ішінара, толық өтеу;
  • сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеуге міндетті.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға арналған өтінімдер қабылдайтын сайт 23 қаңтарда іске қосылатыны хабарланды. "Отбасы банк" өкілдері өтініш бергенге дейін қолданыстағы ЭЦҚ болуы қажет екенін ескертеді.

Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Биыл 2 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойған еді.

Кейінірек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері зейнетақы жинағының бір бөлігін қалай пайдалануға болатынын түсіндіріп берген болатын. Қордағылар қаражатты нақты қай мақсатта қолдануға болатынына жеке-жеке тоқталған еді.


Зейнетақы жинағының шекті сомасы

Зейнетақы жинағының бір бөлігін алу кезінде комиссия ұстала ма?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети