24 қараша 2021 09:44

Зейнеткер бірнеше күн қиранды астында жатып, аман қалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" телеарнасының видеосынан алынған кадр "Астана" телеарнасының видеосынан алынған кадр

Өскеменде зейнеткердің үйінің төбесі опырылып, иесін басып қалды. Ер адам бірнеше күн қиранды астында жатып, адам сенгісіз жағдайда аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана телеарнасына сілтеме жасап.


Өскеменде зейнеткердің үйінің төбесі опырылып, иесін басып қалды. Ер адам бірнеше күн қиранды астында жатып, адам сенгісіз жағдайда аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Бірінші көршілері хабарлаған, себебі олар бірнеше күн бойы жалғыз тұратын Александр Геннадьевичті көрмеген. Оған жету мүмкін болмағасын, құтқарушыларды шақыруға тура келген.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері үйдің опырылып жатқанын көрген, үйілген тақтайлар мен қоқыстардың астынан зейнеткерді тапқан.

"Ол бірнеше күн қоқыс астында жатқан. Арнайы жасақтың қызметкерлері мұқият көтеріп, үйден алып шықты", - деді ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискова.

Дәрігерлер Александр Геннадьевич дүниеге жаңа келгендей болды дейді. Қыста жылытылмаған үйде, қоқыстардың астында бірнеше күн жатып, осылай тірі қалуын керемет жағдай деп атауға болады.

"Науқастың жағдайы орташа ауыр. Ол көміртегі тотығымен уланған. Отқа қатысты абайсыз әрекет салдарынан немесе қандай да бір мамандандырылмаған жылыту құралдарынан болуы мүмкін", - деді №1 қалалық аурухананың токсикология бөлімінің меңгерушісі Александр Мейстер.

Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы асқынбаса, науқас ауруханада бір апта болады. Дәрігерлер зейнеткердің туыстарын табу үшін әлеуметтік қызметке жүгінді, өйткені емделуден кейін оған күтім қажет.

"Оның туыстарының бірі бізбен хабарласады деп сенеміз, бірақ науқастың өзі туыстары жоқ екенін айтты", - дейді Александр Мейстер.

Зейнеткерге апаттық жағдайда тұрған үйге оралуға болмайды, ол адам тұруға жарамсыз. Көршілері жалғыз басты қарттың басындағы бұл бірінші оқиға емес екенін айтты.

"Ол мұнда өмір сүре алмайды, едені де, жарығы да, суы да жоқ, үйде ештеңе жоқ. Үшінші рет өрт болып тұр", - дейді көршісі Наталья Сулейманова.

Телеарна журналисі Александр Геннадьевичтің қалада қызы бар екенін айтады, бірақ олар бірнеше жылдан бері сөйлеспейді. Әлеуметтік сала мамандары зейнеткер емделгеннен кейін облыстағы медициналық-әлеуметтік мекемелердің біріне жатқызылатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети