"Жүрегім қан жылап тұр". Арыстанбек Мұхамедиұлы Олжас Сүлейменовке қайғырып көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жүрегім қан жылап тұр". Арыстанбек Мұхамедиұлы Олжас Сүлейменовке қайғырып көңіл айтты © Facebook / Арыстанбек Мұхамедиұлы

Еліміздің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ақын Олжас Сүлейменовке немересінің жол апатынан қаза болуына байланысты қайғырып көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ақын Олжас Сүлейменовке немересінің жол апатынан қаза болуына байланысты қайғырып көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Халық құрметіне бөленген ақынымыз Олжас Сүлейменовке қайғырып көңіл айтамын. Немересі Ескендірдің қазасы елдің қабырғасына батты. Олжас Омарұлының отбасының басына түскен қайғыны сөзбен айтып жеткізу қиын. Көңіл жұбатар сөз айту да қиын. Олжас Омарұлының шығармалары қанша адамға қиын сәтте қайыспайтын рух беріп еді. Енді біздер, оның достары, жақын адамдары, ақынның шығармашылығына бас иетін адамдар, бірлесіп оның отбасына тағдырдың салған салмағын жеңілдетуге тырысайық дегім келеді. Болған іске болаттай берік болыңыз. Сізбен бірге жүрегім қан жылап тұр", - деп жазды министр Facebook желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендірдің қаза тапқан жол апаты Астанада 22 маусымда Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети