Зымыран құлағаннан кейін шыққан өрт үшін Ресей Қазақстанға өтемақы төлемейді - министр

19 Маусым 2017, 14:12
2
Зымыран құлағаннан кейін шыққан өрт үшін Ресей Қазақстанға өтемақы төлемейді - министр - © РИА Новости
© РИА Новости

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Қарағанды облысында зымыран құлағаннан кейін шыққан өрт үшін Ресейдің өтемақы төлемейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өртті сөндіруге бағытталған жұмыстардың барлығы жасалды. Сіздер мұндай жағдайлардың жылына 2-3 рет болатынын ескермей отырсыздар. Онымен қоса, өрт шөлейтті аумақта болды, күн өте ыстық. Өртті сөндіруге қатысты шараларға кеткен шығынды ресейлік тарап алды. Олар барлық шығынды толықтай жапты", - деді министр.

Атамқұловтың айтуынша, Қазақстан өрт үшін өтемақы талап етпейді.

"Ол жақта тек шөп өртеніп кетті", - деді министр.

Бейбіт Атамқұлов төтенше жағдайдан қаза тапқан ер адамның отбасына және зардап шеккендерге қандай өтемақы берілетінін нақтыламады. 

"Роскосмос" өкілдері көрсететін көмектің сомасы әзірше талқыланып жатыр, оны айта алмаймын. Ол Ресей Федерациясының бюджеті ғой. Көмектің барлығын ресейлік тарап көрсетеді, себебі қаза тапқан ер адам ресейлік кәсіпорынның жұмысшысы болып саналады. Сол жақтан жалақы алып жүрді, сақтандыруы және тағы басқасы", - деді министр.

Еске сала кетейік, 14 маусымда  кешкі уақытта қолданушылар WhatsApp мессенджері арқылы Жезқазған маңындағы Талап ауылына зымыран құлағаны туралы хабар таратқан болатын. Хабарламада қирандыда гептил (адам өміріне өте қауіпті химиялық улы зат) бар делінді. Ауыл тұрғындарына есік пен терезелерді жабу керектігі және балаларды көшеге шығармау туралы ескерту жасалған болатын. Сондай-ақ, осыған дейін Жезқазған маңына құлаған зымыран қирандысында қатерлі гептил жоқ екені айтылған еді. 

Сонымен қатар,  зымыран қирандысы құлаған жерде бір адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ал кейінірек Роскосмос Жезқазған маңындағы қайғылы оқиғаға байланысты пікір білдірген еді. Олардың айтуынша, өртке қатты соққан жел себеп болған. "Ауыр метеожағдайларға байланысты халық тұрмайтын аумақта өрт шықты. Адамдарға еш қауіп төніп тұрған жоқ, өрт сөндірілді", - деген еді Роскосмос өкілдері.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай